Сен тұр - мен айтайын!

Кейде "дұрыс" адам болуға қоғам да кедергі жасайды

  • Кейде

    Кейде "дұрыс" адам болуға қоғам да кедергі жасайды

Жыл сайын қайталанатын бір құбылыс бар. Қыста 1-2 не 3 студент келеді. Сіздерде практика өтпекші едік, бәрін үйренем деп уәдені үйіп төгеді. Әй, қайдам деп іштей күмәнданасың да мейлі дейсің. Біреуі болса да сараптама жазуды үйренсінші деген игі ниетің болады.
Содан олар 2-3 ай қарасын көрсетпейді. Бірақ наурызда керемет мінездеме жазып беріңізші деп қиылып келеді. Қоя ғой, қайда жүрдің осы уақытқа дейін десең, араға ұстазынан бастап бар танысын салады. Олар жастың өмірін бұзбашы, пәлен-түген деп небір сөздер айтады. Осылай елде сыбайластықты, ереже бұзуды моральдық тұрғыда бірге қуаттай береміз. Еңбек жолын "қоңыраумен" бастаған жастардан жақсы маман шығуын күтеміз ғой тағы... Олар да бәрін "шешуге" болатынын көреді.
Англияда оқытушыларды көрдік. 2 ай көрінбей кетші, еш эмоциясыз, жымиып, төмен баллыңды қойып, сау бол дейді. Немесе келесі семестр қайта оқисың. Әрине, ол үшін бөлек ақша төлейсің.
Кейде "дұрыс" адам болуға қоғам да кедергі жасайды. Өзгерейін, өзгертейін десең, ол ыңғайсыз. Қалыптасқан "ереже" тұра берсе екен дейтіндер көп.




Көрілген: 1680    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 13:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31