Кейде Құдайдан гөрі интернет пен светке сиынатының болмаса...
Иә, мына оқу - оқу болмады... Аятжан шырылдаса, шырылдағандай екен.
 
Жоқ, бұл жағдайдың бізге, екі ұлдың сабағына аса бір кері әсері болып жатқан жоқ, қайта үздіксіз бақылау үлгерімді жақсарта түскендей. Кейде Құдайдан гөрі интернет пен светке сиынатының болмаса...))
 
"Держава үшін... " дегендей, егер мемлекет Еуропадағыдай басқа бағыттарды жауып, тек оқу орындарын ашса не болады деп зерттеп көрмек болғам... күлкілі бірдеме шықты. 90 % бала қоғамдық көлікке мінеді екен, яғни, сыртқы ортамен байланысады. Ата-ананың 70 % қоғамдық орында (базар, сауда үйі, кафе, т.б ) жұмыс істейді, мұндайда нақты  қауіпсіздік туралы айту қиын енді. Кезекші сыныптағы ауырған балалардың жайын зерделесеңіз, білесіз...
 
Мектептердің дайындығы туралы дым инфо жоқ, қатты нағымадым...)
 
...Қысқасы, екі жағдайда да 70 % ата-ана үйде отыруы керек. Не жұмыс істе, не баланы оқыт)
 
Қай вариантта да жапа шегетін мемлекет...
 
 
 
Қалмаханбет Мұқаметқали
Фейсбуктегі парақшасынан