Сен тұр - мен айтайын!

Кездесуден кейін осы ойымнан айнып қалып, әлгілерге жиіркенішпен қарай бастадым

  • Кездесуден кейін осы ойымнан айнып қалып, әлгілерге жиіркенішпен қарай бастадым

    Кездесуден кейін осы ойымнан айнып қалып, әлгілерге жиіркенішпен қарай бастадым

Соңғы 10 күннің ішінде бір жұмыспен қаладағы 4-5 үлкен бизнесменмен кездестім. Бәрі орысша сөйлейді. Тіпті, ауылда өскендерінің өзі әңгіме арасында ойын қазақша жатық қылып жеткізе алмай, қарадай қысылып отырды. Орысшаға келгенде мүдірмей сөйлейді, ойын да ап-анық қылып жеткізеді. Орыс болуға түрі келмей, қазақ болуға тілі келмей қалғандар. Өздері орысша қалай көсіліп сөйлесе, балалары да ағылшынша алты-ақ айда үйреніп кетіп жатады. Ана тілі – қазақ тілін дәл сөйтіп үйренбейді ғой, шіркіндер. Солардың осы кембағал хәліне қарап отырып, қаншалықты мәңгүрттеніп кеткенімізді түсіндім. Орысша сөйлейтін осы құлдық психологиядан құтылмай, өсіп-өркендеуіміз екіталай. Басында мен оларды ұлттық буржуазияның көрнекті өкілдері санап келгенмін. Кездесуден кейін осы ойымнан айнып қалып, әлгілерге жиіркенішпен қарай бастадым. Ұлттық буржуазия – өз тілінде сөйлейді. Мына суреттегі адамдар сияқты, оның ділі де, діні де, түрі де, тілі де қазақ болуы керек!



Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1084    Пікірлер: 0

жұма, 02.08.2019, 19:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31