Сен тұр - мен айтайын!

Киіміне қарап ер мен әйелді айырудан қалдық қой

  • Киіміне қарап ер мен әйелді айырудан қалдық қой

    Киіміне қарап ер мен әйелді айырудан қалдық қой

 Киіміне қарап ер мен әйелді айырудан қалдық қой. Бүгін көшеде қарсы алдымнан ұшырасқан адамның жынысын ажырата алмай қатты қиналдым. Бас киімі, курткасы, шалбары, аяқ киімі бәрі ерлердікі. Жүрісі, қимылы, қылығы әйел сияқты.

- Сонша тесіліп қарадыңыз ғой, танысыңыз ба?, - деді қасымда келе жатқан келіншегім бүйірімнен түртіп.

- Жоға, қайдағы таныс?

- Қайдан білейін, көзіңізді айыра алмай қалған соң... айтқанымыз-дағы.

- Қойшы-ей, сенде қайдағыны шығармай. Ер адам ғой.

- Жоқ, әйел.

- Еркек.

- Әйел деймін.

- Әйел болса, неге әйелдерше киініп жүрмейді.

- Барын киеді де, - десіп келіншегім екеуміз біраз сөзге келісіп қалдық.

Солай келе жатып Қожанасырдың осыған ұқсас бір хикаясы есіме түсіп, мырс ете қалмаймын ба.

- Сізге не көрінген? Біресе күлесіз. Біресе көрінгенге көзіңізді сүзесіз? Еркек деп қоясыз тағы, - деп келіншегім бұлқан-талқан.

- Күлгенімнің себебі бар. Оны үйге барған соң асықпай отырып айтып берейін.

- Жоқ, қазір айтасыз!

- Тура көшеде келе жатып па?

- Тура көшеде келе жатып!

- Жүр онда, бір жерге кіріп, шай ішіп отырып айтайын.

- Мейлі, жүріңіз.

Сөйтіп көшедегі көп кафелердің біріне бас сұғып, келіншегіме Қожекеңнің төмендегі хикаясын айтып беріп, жаным зорға қалды.


...Қожанасырдың заманында көп ел, көп жерді аралаған бір саудагер көрген қызықтырын айтып отырып: - Бағдаттың ар жағында бір ел бар. Онда күн өте ыстық, ыстық болғаны соншалықты халқы күндіз жалаңаш жүреді, - депті. Жұртпен бірге саудагердің әңгімесін ұйып тыңдап тұрған Қожекең: - Сонда олардың қайсысы әйел, қайсысы еркек екенін қалай ажыратады? - деген екен.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 971    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.11.2019, 21:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31