Сен тұр - мен айтайын!

Кинода қазақты варвар, қарабайыр, тағы тайпа секілді қылып көрсетеді

  • Кинода қазақты варвар, қарабайыр, тағы тайпа секілді қылып көрсетеді

    Кинода қазақты варвар, қарабайыр, тағы тайпа секілді қылып көрсетеді

Жазды күні, сайын дала, далада аптап ыстық. Қазақтар тымағын басып киіп алып, қалың киіммен күн ыстықта аттың үстінде быршып терлеп жүр.

 

Кинода қазақты жауынгер, батыр қылып көрсетеміз деп жүріп, варварлар сияқты үстіне бар киімін іле салған осындай қарабайыр, тағы тайпа секілді қылып көрсетіп жібереді.

 

Осымен талай кинодан байқадым оны. Киген киімдеріне, жүрген-тұрғандарына қарап отырып қарның ашады кейде.

 

Қазақтың тарихына байланысты кино түсірер кезде этнографтармен, киімнің тарихын зерттеп жүрген ғалымдармен кеңесіп алған дұрыс-ау осы.

 

Әйтпесе, бір кинодан көрген киімді кейде екінші бір кинодан көресің. Бірінен бірі алып киіп жүрген «дежурный» киімдер екені көрініп тұрады онысы.

 

Аттың үстінде далақтап шаба берген халық құсатып көрсете бермей, бір уақ ішкі мәдениетімізді, шешендердің сөз сайысын, қыз ұзату, ас беру сияқты этнографиялық бағыттағы танымдық кино да түсірген дұрыс шығар, қалай ойлайсыздар?

 

 

 

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2060    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 00:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31