Телефон террористері де талап қоя бастады. Бұрын тек "ана жерде бомба бар" деп қылжақтап қоя салатын. Бүгін белгісіз біреу Көкшетаудағы медицина колледжіне жарылғыш зат қойылғанын хабарлапты. Егер түске дейін есеп-шотыма 5 миллион теңге аудармасаңдар, 20 кг тротил жарылғыш колледждің күлін көкке ұшырады деп қорқытқан. Тіпті ақшаны қайда аудару керектігін де жазып жіберіпті. Дереу саперлар ғимаратты сүзіп шыққан. Бірақ ештеме таппаған сияқты. Жұмыстан кешігіп қалғандар, бастығына ренжігендер, емтиханнан қашқандар ғимаратқа жарылғыш қойылды деп жалған ақпарат тарататын. Енді бұл тірлікті коммерцияға айналдыра бастапты. Киноны көп көретін қуғынбайлардың бірі шығар деп ойладым.
Фейсбуктегі парақшасынан
Киноны көп көретін қуғынбайлардың бірі шығар деп ойладым
18 желтоқсан 2022, 17:16
