Киркоровтың қорлап кеткені жететін шығар?!

14 қараша 2022, 14:05

Соңғы күндері Земфираны тыңдап жүрмін...

 

Шіркін, Земфира Талғатқызы мен Рената Литвинованың тандемі тіпті ғажап қой.

 

Земфира 2014-ші жылы Ресейден кеткен. Соғысқа қарсылық ретінде... әлі сол позицияда жүр. Мен сондай өнер иелерін өте қатты құрметтеймін, шексіз жақсы көремін...

 

Земфира сияқты өнерпаздардың талантты екенінің дәлелі неде? Олар көрерменге не керек деп далақтап таусылмайды. Трендке тәуелді емес... олар таланттар, олар өз тыңдарманын қалыптастырады...

 

Енді анау Полина Гагарина келмекші екен. Өнерлі емес дей алмайсың. Дауысы ғажап. Одан не пайда? Азаматтығы, принципі болмаса...

 

Өнер адамға табиғи қонатын дүние. Яғни бір іске икемді болу - табиғаттан! Ал оны ары қарай ұштау адамның қолында. Еңбекпен келеді. Бірақ, бұның алдында адамда принцип пен азамматтық ұстаным болуы керек. Сенің айғайлап айтатын махаббат пен мейірім туралы әніңнен не пайда? Егер шешуші сәтте өзің опасыз адамды қолдап тұрсаң?!

 

Принцип, азаматтық ұстаным дегенің кәдімгі ақылдың таңдауы ғой. Сен кім екенің, сенің таңдауларың арқылы айқындалады. Путинді қолдағандарды адам деп есептемеймін...

 

Полинаны бұрын жақсы көргем, беріліп тыңдағам... істегені мынау... кешірім жоқ... қазір мүлдем тыңдамаймын... бас тартқам...

 

Бас тарту мәдениетін қалыптастыру керек! Тілге келгенде қолымыздан келді ғой. Халықтың қолынан бәрі келеді...

 

Киркоровтың қорлап кеткені жететін шығар?! Осыларды кім ұйымдастырып жүргенін біліп алып, Мухоряпов секілді халық алдына шығару керек...

 

 

Серік Хасенов

Фейсбуктегі парақшасынан