Қиындатып, күрделендіріп жіберетін де өзіміз...
Бүгін Шымкенттің сырт жағына сырғанаққа бардық. Жарты сағаттан кейін балам:"Анау бала-менің досым. Аты-Əмір",-деді. Ішімнен "Балам, достықтың не екенін білмей тұрсың ғой. Жарты сағат бұрын танысқан бала саған қалай дос болады?"- дедім. Бірақ артынша шын мəнінде, білмей, түсінбей тұрған мен екенімді түсіндім. Расында да, таниық, танымайық, адам баласы бəріміз - бір-бірімізге дос, бауырмыз. Оны кішкентай кезімізде түсінгенмен, есейгенде ұмытамыз. Қиындатып, күрделендіріп жіберетін де өзіміз. Осы тұсы өкінішті-ақ...
Абай Қалшабек
Фейсбуктегі парақшасынан