Сен тұр - мен айтайын!

Кім айтты оқуға түскеннің бәрі озат деп? Кім айтты оқымағанның бәрі топас деп?

  • Кім айтты оқуға түскеннің бәрі озат деп? Кім айтты оқымағанның бәрі топас деп?

    Кім айтты оқуға түскеннің бәрі озат деп? Кім айтты оқымағанның бәрі топас деп?

Біздің кейбір адамдардың түсінігінде, бақытты ғұмыр тек мектеп бітірген соң грантпен оқуға түсу арқылы ғана келеді. Басқа жол жоқ. Ал түспесең, сен үшін алдың жар, артың құз - бәрі бітті. Қоғамға еш қажетің жоқ, өмірдегі ең жексұрын адамның бірісің. Бұл бәрінен бұрын алдымен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі үлкен қателігі.
.
Кім айтты оқуға түскеннің бәрі озат деп? Кім айтты оқымағанның бәрі топас деп?
.

Әлбетте, оқу керек! Жастайыңан білім мен еңбекке құмар боп өсуің керек. Бірақ тағдырың оқуға түсу-түспеумен шешіледі деген заңдылық еш жерде жазылмаған. Бұл өміріңде кездесетін мыңдаған сәтсіздіктің алғашқысы ғана. Соған бола өміріңнен теріс айналсаң кім болғаның?
.
Біле білсеңіз, білім саласындағы мемлекеттік грант әлемнің көптеген елдерінде мүлдем жоқ. Олар тегін оқуға түсуге емес, ақылы білім алу үшін балл жинауға жанын салады.
.
Оқу бітіріп алып сандалып жүргендер де сан жоқ. Олар үшін бұл тек 4 жыл уақытын ұрлатқан бір кезең ғана. Уақытша "демалыс". Өмірмен шын айқасатын кез оларға осы 4 жылдан кейін басталады.
.
Оқыған мамандығымен емес, айналып келіп өзінің күш-жігері, жан қалауымен еңбек етіп, берекелі тұрмыс кешіп жатқандар қаншама?
.
Оқуға түстің болды емес. Оны оқуың керек. Егер мектепте бойыңа білім нәрін сіңірмеген болсаң, тегін оқуға түстім деп мәз болмай-ақ қой. Сен үшін грантпен оқу өзіңнің уақытыңды, ал мемлекеттің ақшасын жеу ғана.
.
Мейлі оқуға түс, түспе, бастысы алысты көре біл, сәтсіздіктен қорықпа. Тәуекелшілдікте батыр бол, басқаның көп пайдасына жара. Өмірден көп тәжірибе жина. Біреуден көңілің қалып та көрсін. Алданып та, қысым мен қыспақ көр. Басыңды тауға да соқ, тасқа да. Қатаясың. Еңбектің қазанына түс. Пісесің. Сонда ғана мықты боп аяқтан тұрып кетесің. Берекенің көзін тауып, дүниенің қадіріне жетесің. Былайша айтқанда өз жолыңды табасың.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 788    Пікірлер: 0

сенбі, 27.06.2020, 22:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31