Кім бағалайды, кім сүйеді, кім жылатпайды соны таңдаңдар.

14 қазан 2021, 16:28

Әлгі негрге тұрмысқа шыққан қазақ қызын біріңіз жақтап, біріңіз даттап отырсыз ғой (суретін салмай-ақ қояйын). Жалпы осы тақырыпқа мен де бес тиынымды қоса кетейінші). Себебі, қазаққа тұрмысқа шықсам да "моңғолға кетті" дейтіндер бар. Әлі күнге дейін айтады. Өз ортамда да жетеді ондайлар. Басқоса қалсаң "моңғолдардың өмірін айтып берші" деп менен ертегі дәметкен баладай қиылып сұрайтындар көптеп кездеседі. "Әй, олар қазақтар. Моңғолдарды көргем жоқ" деп түсіндіріп айтып-ақ келемін. Шындап келгенде, Ержанды "моңғол" дейтіндер қазақтың көнерген сөзін, тіпті қазақтың салтын да ұқпайтындар. Сөйте тұра мысқыл-әңгімеге жақын. 25 жасымда естіген сөзді 36 жасымда да естіп жүрмін. Демек, біздің қоғам жетілмей қалған. Жалпы қазақ қоғамы қыз баланың артынан шам ұстап алып аңдығанды жанынан артық жақсы көреді ғой). Сол себепті, қыздар, сендер қайда барсаңдар да өс+ек ергені ерген. Кім бағалайды, кім сүйеді, кім жылатпайды соны таңдаңдар. Алыс-жақын демей-ақ жетегіне еріп кете беріңдер.

facebook.com