Сен тұр - мен айтайын!

Кімнің қайда не жіберіп жатқанын бақылауда ұстау керек-ау...

  • Кімнің қайда не жіберіп жатқанын бақылауда ұстау керек-ау...

    Кімнің қайда не жіберіп жатқанын бақылауда ұстау керек-ау...

АҚШ пен Қытайдың арасы қатты суып кетті. Осы сәтте АҚШ тұрғындары Қытайдан қорапқа салынған, белгісіз өсімдіктердің дәндерін (тұқым) ала бастады. Бір апта бұрын осы тақырып қызық болып, қазбалап көріп едім, мынандай ақпарат таптым.
АҚШ-қа Қытайдан жіберіліп жатқан белгісіз дәндер сычуань бұрышының тұқымы болып шықты. Сычуань бұрышын АҚШ-қа кіргізуге 1968-2005 жылдары тыйым салынған екен. Себебі бұл өсімдік цитрустық язваны тасымалдайтын және ауыл шаруашылығына орасан зор шығын келтіретін қасиетке ие көрінеді. Тек 2005 жылы ғана АҚШ билігі 70 градус ыстықта аталмыш өсімдіктің дәндерін қыздырып, арнайы пакетке салып жіберуге рұқсат етіпті.
Қазір міне АҚШ тұрғындары жаппай қорапқа салынған белгісіз өсімдіктің дәндерін алып жатыр. Арасында осы сычуань бұрышы да бар. Әрине қыздырылмағаны. Билік "мұндай сәлемдеме келсе, онда дереу полицияға беріңіз және қораптағы дәнді егіп я ұстап көрмеңіз" деген сынды кеңес беруде. Көбісі Қытайдан келген. Бірақ арасында Қазақстаннан, Өзбекстаннан салып жібергендер де бар. Бұл туралы сайттар да жазып жатыр.
Қазақстаннан кімдер салған? Не үшін? Қандай мақсатта? Ол жағы белгісіз. Бірақ бұл назар аудартарлық ақпарат деп ойлаймын. Тіпті ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері де қарағаны дұрыс шығар. АҚШ пен Қытай текетіресінде біз бірде бір тарапты қолдаған емеспіз. Ал біздің аймақтан АҚШ мүддесіне қайшы келетін "сәлемдемелер" келіп жатса, онда Вашингтон сәл ойланып қалуы мүмкін. Мысалы сіз оң жақтағы көршіңізбен ұрысып жатқанда, сол жақта жатқан бейтарап көршіңіз оң жақтағы көршіңіздің қолымен жазылған хатты беріп тұрса, сіз не ойлайсыз? Есіңіз дұрыс болса, екеуі бір тарапта деп ой түйесіз. Әдемі әрекет емес, солай ма?! Әрине, АҚШ ақымақ емес. Қазақстанның қатысы жоқ екенін жақсы түсінеді. Сонда да.

Сондықтан қазір шекесі тырысып, қабағынан қар жауып, коронадан қырылып, қайғы жұтып, ұрынарға қара таппай отырған АҚШ-тың ашуына тиіп кетпеген абзал. Кімнің қайда не жіберіп жатқанын бақылауда ұстау керек-ау. Әсіресе біз сияқты әлсіз, дамымаған елдерге. Қос алып мүйіздесе берсін, біз тек қосақ арасында ілініп кетпесек болды.


Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1112    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30