Сен тұр - мен айтайын!

Қоғам арасындағы қайшылықты мектептен бастап жатыр екенбіз ғой?!

  • Қоғам арасындағы қайшылықты мектептен бастап жатыр екенбіз ғой?!

    Қоғам арасындағы қайшылықты мектептен бастап жатыр екенбіз ғой?!

  • Қоғам арасындағы қайшылықты мектептен бастап жатыр екенбіз ғой?!

    Қоғам арасындағы қайшылықты мектептен бастап жатыр екенбіз ғой?!

Қай күнгі автобустағы бір оқушымен болған әңгімені жазуды ұмытып кетіппін. Тұсымда рюкзагын арқалаған 7 сынып оқушысы тұрды. Қарап отырмай, ауылда мектеп бола тұра, қалаға неге қатынайтынын сұрадым. Математикадан қосымша сабақ алып келе жатыр екен. "Математиканы жақсы көрсең, Назарбаев мектебіне неге ауыспадың?" демеймін бе?.. "Апа, мемлекеттің жас ұрпақты президентті қолдайтын, не, қолдамайтын топқа бөлгенін қаламаймын. Мемлекет не себепті біздерді топқа бөледі?! Қарапайым мектепте мен секілді мллиондаған кедей бала оқиды. Назарбаев мектебінде оқитындар негізінен байдың балдары. Бәрін ата-анасы машинамен тасыйды. Жоғарғы сынып оқушылары өздері машинамен барады. Телефондары кіл айфон. Сабақты көбіне кедей отбасынан шыққанымен білімі жоғары санаулы оқушы ғана оқып, мектепке балл жинап береді. Досым бар. Мықты оқыса да, қасындағылардан айфоны жоғына намыстанады. Менің әкем жоқ. Анам кафеде ыдыс жуады. Екі қарындасым бар. Екеуі де үлгілі оқушылар. Неге сұрадыңыз, Назарбаев мектебіне ілікпегендер адам емес пе?! Мен, өз мектебімде оқып-ақ Оксфордқа дайындалып жүрмін." дегенде, сұрағыммен жанын ауыртып алғаныма қысылғаннан кірерге тесік таппай, қара жер қақ айырылмады?!. Баланың жауабы төбемнен жай түсірді! Масқара?.. Қоғам арасындағы қайшылықты мектептен бастап жатыр екенбіз ғой?! Оқушыны бала деп менсінбейміз. Пікірімен санаспаймыз. Нақтап келгенде олардың ойлау парасаты бізден асып кеткенін елемейді екенбіз ғой?! Шынымды айтсам, жап-жас баланың ересектен асып айтқан жауабынан есімді жинай алмай жүрмін. Біртүрлі... Дырдай боп жүріп... Миллиондаған қарапайым отбасынан шыққан оқушылардың алдында өзімді кінәлідей, қылмыскердей сезінем бе, түсініксіз?..
Айтпақшы, "Назарбаев мектебіне шетелге кету үшін түседі. Қарап тұрыңыз, олар шетелден қайтпайтын болады. Ал, мен, елге оралып, өзім секілді кедей балдарды оқытатын жүйе ойлап табамын" дегенін жазуды ұмытыппын! Мен- өз құлағыммен естігеніме шок болдым. Күн суытса да аяғында жаздық сүйретпе...

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2692    Пікірлер: 0

сенбі, 13.11.2021, 19:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31