Қоғам мен ұрпақ алдында масқара болмаудың іс-амалдарын ойластыруы керек

02 наурыз 2022, 12:04

Аса ірі халықаралық қақтығыс орын алып жатқанда, шынайы нейтрал позиция ұстану - уақыт өткен сайын қиындай береді, тіпті мүмкін болмай қалуы мүмкін.
Белгілі бір сатыда, нейтрал позиция – кей елдер үшін тіпті ерлік болып табылады. Алайда, біртіндеп (бәлки, өте тез) мемлекеттің нейтрал позициясы - ерлік болудан қалады, содан соң, қорқақтық, сатқындық, тіпті азаматтары ұялатын, зардабын шегетін қылмыс болып қабылданатын болады.
Былқылдықтығы мемлекет пен азаматтарының бетіне басыла беретін осы соңғы сатыға жетпей тұрып, мемлекет тұтқасын ұстағандар мен елдің бетке ұстарлары – Қоғам мен Ұрпақ алдында масқара болмаудың іс-амалдарын ойластыруы керек.
Сәт санап құбылып, құбыжықтанып бара жатқан кезеңнің әр сәті бізден (мемлекеттен, қоғамнан, адамнан) дұрыс шешім талап етеді.

Нұрлан Сәдір

Фейсбуктегі парақшасынан