Сен тұр - мен айтайын!

Қоғамдағы әйелдің жағдайын түзеу керек

  • Қоғамдағы әйелдің жағдайын түзеу керек

    Қоғамдағы әйелдің жағдайын түзеу керек

Өткенде Euronews арнасынан бала асырап алған қызтеке отбасын көрсетіп отыр. Шок болдым. Бұрын да жаңалықтарынан жиі-жиі азшылық құқын беруші еді, мына сюжетімен тіптен қызтеке құқықтарын қорғай отырып, әйел мен бала құқықтарын аяққа таптап отырғандарын байқамайды. Екі ер азамат кезінде үйленіп алыпты, өздерін "толық отбасы" сезінуі үшін бала керек деп шешіпті. Бірден суррогат ананы тауып алған. Бағасын келіскен. Егіз болады деп күткен. Бірақ бір қызбала дүниеге келіпті. Журналист бес-алты жасар баладан: "Екі әкемен өмір сүрген қалай?"- деп сұрап отыр. "Жақсы"- дейді бала. "Ал сен қалай тудың?"- деп сұрайды, "Әкелерімнің "құрбысының" ішінен шықтым"- дейді. Ок, екі еркек бірге тұрғысы келген екен, тұрсын, өз проблемасы. Діни аспектілер, ар-ождан, этика мен медициналық кереғарлықтар өз мойындарында. Ал бірақ баланың құқы қайда? Әйелдің құқын не істейміз? Біріншіден, бала әйел мен ердің шаңырағында туады ғой, табиғат заңы, неге баланы анадан айыру керек? Ал неге баладан "еркектер отбасында" тұрғың келе ме деп сұрамайды? Бала тауар ма, қалағанның қолына ұстата салатын? Екіншіден, әйелді суррогат ана деген күмәнді статуспен "бала туушы", былайша айтқанда, "тауар шығарушы" ретінде төмендетіп отырған жоқ па? Феминистік ұйымдар да, дәстүрлі діндер де "суррогат ана" деген жаңашылдыққа қарсы. Кім туды, бала соныкі. Қазір Еуропада әйелдер бала туғысы келмейді. Олар әйелді тек бала табатын адам ретінде қабылдау дұрыс емес деп есептейді. Ал әрбір көгілдір отбасы мұндай әрекеттерімен бұл көңіл-күйді өршітіп жібермей ме?
Адам құқының да, азшылық құқының да өз шегі бар. Қызтекелер құқы шектен шығып бара жатқанда, біздің, әйелдер мен балалардың, ер азаматтардың құқына барып тіреледі. Кешіріңіз, дәл осы жерде біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыз басталады. "Суррогат ана" - медициналық жетістік емес, әйел статусын заңи тұрғыдан түсіретін нәрсе. Әйел - ана, бірақ көгілдірлерге "бала туып" беру үшін жалданатын, өз денесін 9 айға жалға беретін екінші сортты адам емес. Бала - адам, оның өз құқықтары мен бостандықтары бар, дүние есігін ашпай жатып "мынаны көгілдірлерге, мынаны педофилдерге береміз" деп тағдырын шешу адамгершілік, гуманизм қағидаттарына сәйкес келмейді, керісінше, бұл кешірілмейтін қылмыс. Мұның салдары қиын болады. Баланың психикасына әсері кері ғой... Адамның, баланың тағдырымен ойнауға болмайды. Ең алдымен, бала құқықтары, әйел құқықтары сақталуы керек. Неге әйел суррогат ана болғысы келеді? Бұл әлеуметтік мәселе. Яғни, қоғамдағы әйелдің жағдайын түзеу керек.
Біздің де, көпшіліктің де құқықтарымыз бар! Азшылық ойбайлап жатқанда, соны ұмытатынымыз жаман да...

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1215    Пікірлер: 0

жұма, 02.10.2020, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31