Сен тұр - мен айтайын!

Қоғамдық көлікте үйдегі кең төсекте жатқандай қалай шешініп тастап жатуға болады?..

  • Қоғамдық көлікте үйдегі кең төсекте жатқандай қалай шешініп тастап жатуға болады?..

    Қоғамдық көлікте үйдегі кең төсекте жатқандай қалай шешініп тастап жатуға болады?..

Бірнеше жыл бұрын Астанадан "Тальгомен" Алматыға жолға шықпақ болдым. Перронға пойыз келіп тоқтап, купе есігін ашсам еңгезердей үш жігіт орындарына орналасу былай тұрсын, шешініп жатып қалған екен. Ұйықтап та қалған ғой деймін, әсіресе, астыңғы орындағысының үстінде лыпадан өзге дымы жоқ, сандары жалтырап, аяқты мен орналасуға тиіс бос орынға қарай көсіп тастап шалжиып жатыр екен. Ойымда ештеңе жоқ, анандай көріністен шошып кеткен менің есікті ашып дереу қайта жапқанымның арасы 5 секундтай ғана болған шығар. (Сонда ғана ұқтым, пойыздың Петропавл жақтан ба келе жатқанын.)

Дереу, өзге купелерді мүдірместен сыртынан болса да зымырап жүгіріп жүріп бір шолып шықтым. Көрші купеге бір жігіт енді кіріп орналаспақ боп тұр екен. Ол жерде әуелден отырғандар күйеуі мен балалы әйел секілді.

-- Інішек, менің орным 1-ші купеде еді. Бірақ, онда... -- дей беріп едім, ол жігіт лезде мен айтқан купенің есігін ашып бір қарады да:

-- Болды... түсіндім. Осында орналаса беріңіз, -- деп заттарын тез жинап, солай қарай кетті.

Ойымды айтқызбай ұққан саналы ұлға соңынан рахметімді айтып, риза боп қалған мен сол жолы, жол бойғы 12 сағаттық дискомфорттан солай құтылып едім.

("Тальгодағы" хикая" туралы көп жазбаларды көріп, жәй есіме түсіп кетті.)

Р/S: Сосын, таң қалатыным: қоғамдық көлікте (ұғуымша, пойыз да қоғамдық көлік) қалай үйдегі кең төсекте жатқандай шешініп тастап жатуға болады?..


Ақ-Зия Жайлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4433    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 10:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31