Сен тұр - мен айтайын!

Қоғамдық-саяси салада өзгерістер мен жаңа белестердің елесі кезіп жүр

  • Қоғамдық-саяси салада өзгерістер мен жаңа белестердің елесі кезіп жүр

    Қоғамдық-саяси салада өзгерістер мен жаңа белестердің елесі кезіп жүр

Қоғамдық-саяси салада өзгерістер мен жаңа белестердің елесі кезіп жүр.

Барша халық жаңа болмыс пен сананы күте отырып, жаңа заман талабына сай - саяси, рухани процесстерді талап етіп отыр.

Қоғам мен биліктің арасында "Біз кімбіз?", "Қайда талпынып барамыз?", "Нені қалаймыз?" деген сұрақтарға байланысты, ашық та бүкпесіз әңгіме қажет.

Шыны керек, халықта, қоғам өкілдерінде өкіметке де көптеген сұрақтары қордаланып қалғаны анық. Сондықтан, "Күлтөбеде' өмір болмысына қатысты "жиынның" сұранып тұрғандығы өзінен өзі түсінікті.

Билік Қоғамдық Сенім жөніндегі Ұлттық Кеңес форматын ұсынғандығы белгілі. Менің ойымша, қандай да болсын диалогтың, дискуссияның қажет екендігі айдан анық.

Азаматтарда Қазақстан мемлекетінің (Қазақтың түп-тамыры, мәйегі деп түсініңіз) табиғаты, мақсат-мүддесі, әлеуметтік бейнесі қандай болуы керек деген сұрақтардың көбейіп келе жатқандығын өмірдің өзі көрсетті. Міне, осынау терең де күрделі, мәселеге бірлесіп жауап іздеу – күн тәртібінде.

Сонымен бірге, бүл алаң өзара саяси қарым-қатынастан биік жалпыұлттық деңгейдегі "Қазақ әлемінің тұңғиық кеңістігіндегі» жауапсыз қалып келе жатқан сұрапыл сұрақтарына жауап іздеуі абзал. Күйбең де күйікті саясаттан жоғары тұрған "Қазақ мемлекетінің болашағы" мәселесі, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, рухани ықпалдасуды дәріптеу – біздің жоғары рухани-философиялық парасатымызға байланысты.

Осы кеңес құрамында қазақ социумының жан- жақты мәселесін қарастырып, еліміздің болашағы үшін еңбек сіңіріп жүрген Ермұрат Бапи, Айдос Сарым, Абзал Құспан, Дәурен Қуат, Саясат Нұрбек, Мұхтар Тайжан, Арман Шораев, Айман Умарова тәрізді азаматтардың болғандығы дұрыс деп есептеймін.

Бұл азаматтардың кейбіреулерінің ұстанымдарымен кейбір аспектілердегі көзқарасымыз үйлеспеуі де ықтимал; әр-түрлі саяси қоғамдық позициядан көрінуіміз де мүмкін; біреуіміз "солшыл", біреуіміз "оңшыл", «центрист» болуымыз да ықтимал. Бірақ, өмірдің өзі біркелкі емес, қарама-қайшылық пен күтпеген бұрылыстардан тұрады. Даму дегеніміздің қарама- қайшылықты жеңу мен қақтығысты реттеуден тұратынын еәрдайым есте ұстауымыз аса қажет. Қарама- қайшылықты өзара оңтайластыра отырып, ықпалдастыққа жету – ұлттық өрлеудің алғышарты деп түсіну қажет.

Мемлекет тағдыры мен қоғам болашағының жарқын болмағына, барша отандастар мүддесі тепе-теңдігінің қалыптаспағына, өзара рухани баланстың берік сақталуына Аталы Сөз арқылы алтын кілт таба алсақ, жалпыұлттық даму мен өрлеу формуласының да айқындалуы ақиқат.

"Келісіп пішкен тон келте болмас" деп Қазақ бекер айтпаса керек.


Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31