Көңілдес келіншек: "Сен менің үйіме сенбі-жексенбі бойы кел, гәккулейміз" дейді
Таныс жігіт көрші подъезден бір көңілдес келіншек тауып алады. Ешкімге білдірмейді. Жұмысқа кеткен болып, көрші подъезге зып ете қалады. Аула бір. Ары бері жүргені ешкімге байқалмайды.
 
Бір күні көңілдес келіншек: "Сен менің үйіме сенбі-жексенбі бойы кел, гәккулейміз" дейді. Таныс жігіт келісе кетеді. Үйіндегі әйеліне командировкаға кеттім дейді де, өтірік заттарын жинап, басқа қалаға кеткен болып, көңілдесінің үйіне кіріп алады. Бір күн өтеді. Келесі түнде келіншек: "мусор шығарып келші" дейді. Таныс жігіт көз бақырайып: "Жындысың ба, бала-шаға, қатын көріп қояды" дейді. Келіншек: "Түнде кім көреді дейсің, тез апарып келші, сасып кетті әйтпесе" деп өз айтқанынан қайтар емес.
 
Жігіт қараңғы далаға шығып, қоқысты контейнерге салып, қайтып келе жатып, автоматты түрде (рефлекспен) өз подъезіне кіріп, өз есігін қағады ғой ... ("иманды болсын" дедім ішімнен) ... әйелі есік ашады. Күйеуінің бөтен үйдің қоқыс шелегімен тұрған бейнесін көреді.
 
Әйелі әйтеуір кешірді танысымды, бірақ сол шоктан айыға алмай, таныс жігіттің табиғаты өзгеріп, адамдардан шоши беретін әдеті пайда болды.
 
 
 
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан