Сен тұр - мен айтайын!

Көп адам ауыз бекітіп, ауыз ашқаннан кейін баяғы әдетіне басып жүреді

  • Көп адам ауыз бекітіп, ауыз ашқаннан кейін баяғы әдетіне басып жүреді

    Көп адам ауыз бекітіп, ауыз ашқаннан кейін баяғы әдетіне басып жүреді

Алматыда құрылыста істейтін бір ауылдас жігіт бар болатын. Менен екі жас қана үлкен. Қашан көрсең де аузы арақтан босамайды. Күніне екі қорап темекі тартады ғой деймін. Оқымай қалғаны болмаса, білмейтіні жоқ. Кез келген тақырыпта сөз таластырып, түбі жеңіп шығатындай білімі бар. Бір жаман әдеті – араққа үйір. Арақ ішпесе тұра алмайтын соны көргенде, түбі осы арақтан өледі-ау деп ойлайтынмын. Бүгін нағашы ағамнан сол жігіттің арақты да, темекіні де қойып кеткенін естіп, қатты таң қалдым. Не түрткі болғанын білмеймін, бір үйді салып жатқан жеті жігіттің бесеуі ораза басталысымен ауыз бекіткен екен. Жұма күні бәрі мешітке барыпты. Өзі сол күні алғаш рет мешіттің табалдырығын аттаған. Имамның уағызы әсер етті ме, жолдастарына ілесіп ауыз бекітпегенімен, ертеңнен бастап темекіні де, арақты да қоятынын айтады. Ауыз бекіте алмаған себебі – асқазаны ауырып, дәрі ішіп жүр екен. Ауыз бекітпесе де, Ораза айының құрметіне темекісі мен арағын қойыпты. Ораза деген ең алдымен нәпсімен, жаман әдетпен күрес қой. Көп адам ауыз бекітіп, ауыз ашқаннан кейін баяғы әдетіне басып жүреді. Ораза айы – адамға жаман әдеттерден арылуға берілген мүмкіндік. Аузыңды ғана бекітсең, ондай ораза қабыл болмайды. Жерлесімнің жақсы бастамасын естіп қалып, аузын бекіткен осындағы достарыма да жұғысты болсыншы деп жаздым.


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2449    Пікірлер: 0

сенбі, 11.05.2019, 17:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31