Сен тұр - мен айтайын!

Көп балалы анаға көмектесетін жомарт жандар табылып қалар деп үміттенемін

  • Көп балалы анаға көмектесетін жомарт жандар табылып қалар деп үміттенемін

    Көп балалы анаға көмектесетін жомарт жандар табылып қалар деп үміттенемін

Айнагүл деген кім?

Ол - менің жерлесім, көп балалы ана. Алла қаласа, сегізінші перзентін өмірге әкелуге дайындалып жүр. 7 баласы Алладан берілген ризық-несібелерімен өсіп жатыр. Алды әскерге кетіпті. Қиналатын тұсы - пәтер. 9 жылдан бері Астанада пәтерден пәтерге көшіп, майда бала-шағамен қожайындар пәтерін жалға бермейтін сәтте жертөледе де өмір сүріп келе жатыр. Басқа арыз-шағымы жоқ өмірге. Тек, баспанамыз болса деп армандайды. Тапқандары нан-судан артылмағандықтан жиған-тергендері де жоқ, әзірге. Көп балалы ана ретінде үй кезегіне тұрайын десе, пропискасының уақыты 3 жылға жетпейді. Жартысы ғана. Жұмадан бері әкімшіліктегі жігіттерге хабарласып, жатақхана мәселесін (уақытша тұруға) шешіп беруін сұрап жатырмын. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы аудандық әкімдігінен жауапты қыздар хабарласып, азық-түлік топтамасын жібереміз деп уәде берді. Жіберетін шығар енді...
Өздеріңіздің шын жүректен көмек болсын деп салған ақшаларыңыз 86 370 теңге болды. Кеше сүт, дәрі алам деген соң, 10 мың теңгені көршісінің каспи голдына аударғанмын. Бүгін қалған 78 000 теңгені қолына ұстатып, 3-ке толған батырды туған күнімен құттықтап қайттым.
Расымен де, біз қазір ананың аңыраған, баланың еңіреген видеосына ғана селт ететін болыппыз. Балаларды көрсетпей-ақ қояйыншы деп ем, есейіп қалған ұл-қыздар ғой... Екі бөлмелі пәтердің бір бөлмесінде 8 адам тұрып жатыр.
“Босанғанша басқа пәтерге көшіп үлгеріңіз”, - деп отыр екен пәтер иесі. Пәтер ақысын төлей алмай қалады деген уайымы шығар, әйтпесе, ұядай жерді тап-тұйнақтай қып жинап, жылтыратып-ақ отыр. Жолдасы жұмыста екен.
Әлі де жомарт жандар табылып қалар ел арасынан деп үміттеніп отырмын. Көмек көрсетем десеңіз, мен өз нөмірімді қалдырамын, осы нөмірде каспи голд бар:
87029074472 Әсел О деп шығу керек.
Бұл балалар ертең-ақ өседі. Бір-бір тұлғаға айналады, бұйыртса. Соған көмегіміз болсын. Сүтсіз, нансыз отырмасыншы тек. Баспананың да бір мәнісі болар, бүтін ел барда... Садақаңыз қабыл болсын!

Асел Ергешкызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1830    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 09:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31