Сен тұр - мен айтайын!

Көп білу тойларда, жиындарда сөйлегенде жақсы, бірақ нақты істе пайдасы жоқ!

  • Көп білу тойларда, жиындарда сөйлегенде жақсы, бірақ нақты істе пайдасы жоқ!

    Көп білу тойларда, жиындарда сөйлегенде жақсы, бірақ нақты істе пайдасы жоқ!

Білімді маман екі түрлі болады: жалпылық маман және арнаулы маман.
Жалпылық маманның білмейтіні жоқ секілді, көп нәрседен хабары бар, талай нәрсе туралы айта алады, ойдан да, қырдан да сөйлейді, саясаттан да, ғылымнан да, діннен де, мәдениеттен де хабары бар, ойы кең, көп біледі, бәлкім тәжірибесі де мол. Бірақ ешбір нәрсені арнайы білмейді. Шығармашылықта, күнделік өмірде, әлеуметтік желілерде Жалпылық маман кісілер көп сөйлейді, анау туралы да, мынау туралы да айтады, (мен де сондаймын, екінші жағынан мамандығым да осыған себеп болған), сөйтіп бәрі туралы білетін, бірақ ештеңені нақты білмейтін, ештеңеден нақты хабары жоқ, ештеңеге техникалық ықпалы жоқ адамдар болып өмір сүреді.
Арнаулы маман көп нәрсені білмеуі мүмкін, әртүрлі нәрседен айта алмайды, бірақ мәлім бір нәрсе туралы барынша жеттік, барынша терең, нақты, жүйелі, ғылыми біледі. Оның көл-көсір позициясы жоқ, көпіріп айтатын, таудан-баудан сөйлейтін білімі жоқ, егер соны білім десек. Бірақ егер оның өз тақырыбына қатысты болса, мысалы ол Кавасаки синдромы туралы маман болса, онда сол синдромның жілігін шағып, майын ішкізе алады, сол салада жұмыс істей алады, сол салада тіпті жаңалық ашуы да мүмкін.
Коммунистік университеттерден және солардың методын жалғастырған ЖОО-дан шыққандардың көбі жалпылық мамандар. Олардың білімі анау туралы да, мынау туралы да емес, бірақ солардың бәрі туралы айта алатын білім. Бейне философ секілді, білмейтіні жоқ, талдау жасамайтыны жоқ, әртүрлі салалардан оқымаған кітабы жоқ... Ал, қоғам өзгеріп капитализмге ауысқанда, яғни жеке меншік, пайданы көздеген қоғамға өткенде сол жалпылық мамандар далада қалды. Жұмыссыз қалды. Өйткені жалпылық білім әлеуметтік желілер мен газет-журналда бірдеңе жазу мен дәріс беруді айтпағанда, көп сұранысқа ие емес. Жалпылық біліммен бір тауықты да дұрыс сою мүмкін емес! Қоғам сенің көп нәрсе туралы білгеніңді емес, бір нәрсе туралы жеттік, түбегейлі біліп, сол нәрсеге қатысты жұмыс жасай алатын болуыңды талап ететін маманданған өндірістік жүйеге ауысты, демек, көп білуіңнің енді базары болмайды. Көп білу қызық, тойларда, жиындарда сөйлегенде жақсы, бірақ нақты істе шынайы пайдасы жоқ!
Ал, еліміздің экономикасы, саясаты, мәдениеті, ... салаларында арнаулы мамандарға деген сұраныс ешқашан толық қанағаттанған емес, қазақтар да әртүрлі арнаулы нақты мамандықтар бойынша білім алуға жаппай талпынған емес. Университтетеріміздегі факультеттер мен кафедралардың атауы көбінесе үлкен, кең, өте жалпылық. Сондықтан нақтылық кем. Арнаулы маман тапшы болғандықтан олар сирек жағдайда ғана жұмыссыз қалады, көп жағдайда оларға әлемнің кез келген елінде сұраныс бар. Арнаулы маманның мамандығы қаншама сирек мамандық болған сайын, қаншама жеттік болған сайын, қаншама ең жаңа деңгейде болған сайын, оның қол-аяғы жерге тимейді, жақсы жұмысқа тұрады, жақсы кіріс кіргізеді.
Сөйтіп, өткен іске салауат, бірақ ендігі жастарды қай бағытта тәрбиелеу маңызды болып отыр. Бір анығы, коммунизмнің жалпы маманының уақыты өтті! Әсіресе университеттер енді жалпылық жаттанды білімді үйрете беруден арнаулы және нақты білім беруге бұрылуға тиіс. Иә, адам болған соң, біраз нәрселер туралы жалпылық білім болғаны да жақсы, ақпарат ғасырында ол болады да! Бірақ ананы да, мынаны да білуге талпынып қан жілік болудың мәні жоқ, балаға ананы да, мынаны да үйрете берудің еш пайдасы жоқ. Адам баласы бір айғырдың (бір жұмыстың, бір тақырыптың, бір объекттің) жалына жармасып, тек сонымен ғана шұғылдану керек, тек соны ғана жеттік білуге, тек соның бірегей маманы болып шығуға талпыну керек! Мамандық арнайыласқан сайын онда жаңалық ашу, өзгеріс жасау, прогесске себеп болу жиілейді. Яғни көп саланың пайғамбары емес, бір саланың Құдайы бол - міне бұл ендігі өмірдің талабы.
Қоғам дегеніміз үлкен бір ағыза, жүйе, ал оның жұмыс бөлінісі қанша жіңішкелеген сайын, оның даму деңгейі сонша жоғары болады, машина жасайтын емес, машинаның бір бөлшегін, бәлкім есігін, бәлкім әйнегін, бәлкім дөңгелегін, бәлкім сырын жасайтын арнаулы маман - міне сол ғана сондай орында жұмыс жасауға лайық.
Тіпті қазір жалпы мағынадағы ғылым деген де жоқ, физика деген бір ғылым 150 шақты тармаққа бөлініп кеткен, биологияның түрлеріне ми жетпейді, тармақ-тармақ, сала-сала! Өндіріс те сол, басқа салалар да сондай.
Абай атамызды ұмытып, сарай болуға тырыстық, ішінде бәрі бар, бәрі жайнап тұрған. Ол мүмкін емес екен. Сарай бола алмадық, ешкім де сарай бола алмайды. Бәрін қамту қазіргі заманда мүмкін емес. Әр адамның уақыты да, зейіні де, энергиясы да, мүмкіндігі де шектеулі. Демек, сарайдың бір кірпіші, кірпіші болғанда сирек, маңызды, өте ғажап кірпіші болуға тиіспіз, яғни арнайы, арнаулы, нақты кірпіш, жалпы кірпіш емес))

Haidar Alphy

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1616    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 09:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31