Қоразымды қамап тастасам, жарықсыз қаласың ғой, сорлы-ау!

Қоразымды қамап тастасам, жарықсыз қаласың ғой, сорлы-ау!

Сәрсенбай түскі тамағын ішіп алғаннан кейін қора жаққа барды. Малдың қиын күреп тастайын деп бір оқталды да артынша «сәл шыдасам балалар да келеді ғой, өздері күрер», - деп отыра кетті.
Күректі қораға сүйеп қойды да қалтасынан бір тал темекі алып тұтатты. Сол аралықта анау қоршаудың сынығынан көрші Жүнісқанның төрт тауығы мұның ауласына қарай өтті. Сабан жақтағы шашылған дәндерді теріп жеп жүрді. Бір кезде мұның қоразы Жүкеңнің тауықтарын қуып берді. Тауықтар да қашудың ырымын жасағанымен, онша бір барын салмады. Талтаңдаған тауықтың үстінен «аттап өткен» қу құраз рахаттанып тұрып бір сілкініп алды да жөніне кетті.
Жүнісқанда төрт тауық бар. Бірақ қораз жоқ. Сол неменің тауықтарына жем шашып жатқанын да көрген ешкім жоқ. Бірақ тауықтары күнде туады. Қораз жоқ... Жем шашпайды... Бірақ туады. Тауықтар күні бойы мұның үй жағында жүреді де туар кезде өз қораларына қарай тайып тұрады. Сәрсенбай темекісін шертіп жіберді де Жүнісқан екеуінің үйінің ортасын бөліп тұрған қоршауға жақындады. Жүкең де мал жайғап жүр екен. Сәкең бірден:
– Әй, Жүке, күніге қанша жұмыртқа алып жүрсің?
– Жәйша ма?
– Жәй, айтсаңшы енді.
– Кейде үшеу, кейде төртеу. 
– Ә-ә-ә. Онда сен күн сайын сол төрт жұмыртқаңның екеуін маған беріп тұрсаңшы.
– Жәйша ма?
– Енді қораздың бел ақысы, тауықтарыңның жеген жем ақысы дегендей.
– Қайдағы қораз?.
– Әй біздің қораз болмаса тауықтарың тумайды ғой. Және жемді де біздің сабаннан теріп жеп жүр.
– Сенің қоразыңнан туып жүрген жоқ.
– Енді күлге аунап туып жүр ме?
– Мына Қабылдың қоразынан туып жүр.
– Өй, қайдағы Қабылдың қоразын айтасың, тауықтарың күні бойы біздің аулада жүреді ғой.
– Сенің қораң жаққа өтпес бұрын күнде таңда Қабылдың қоразы келіп, бір қайырып кетіп жүр.
– Ой, сұмдық-ай, енді тауығыңның көтін аңди бастағанбысың?
– Өзің жетісіп тұрмысың? Қоразыңның ұрығын жоқтап. Өй сен де болмайтын нәрсені қозғап.
– Қайдағы болмайтын нәрсе? Бір жұмыртқаны қаншадан сатып отырсың?
– 15 теңгеден.
– Төрт жұмыртқа қанша тұрады?
– 60 теңге.
– Он күнде қанша теңге болады?
– 600 теңге...
– Бір айда ше?
– Бір мың сегіз жүз.
– Бір мың сегіз жүз теңге саған оңай ақша ма? Бір ай бойы жаққан светіңнің ақшасы. Егер мен қоразымды қамап тастасам, жарықсыз қаласың ғой сорлы-ау!
– ...
– Не үнің шықпай қалды. Балаларың шекермен шәй ішіп отырса ол да біздің қораздың арқасы.
Екеуі өстіп тәжікелесіп тұрғанда құрғырдың қоразы егесінің сөзін делелдейін деді ме Жүкеңнің талтаңдап қашып бара жатқан тауығын қуып жетіп, желкесінен тартып тұрып бір сүйіп алды. Оны екеуі де көріп тұр.
Сәрсенбай үнсіз ғана Жүкеңе қарады. Жүкең де мойындағандай болды.
– Әй, Сәрсеш, сен екеуміздің мына әңгімемізді ел естімесін. Естісе, күлкі боламыз. Дауды осымен тоқтатайық. Мен саған ай сайын бес пәшкі темекіңді алып берейін. 
– Жарайды. Өстіп ақылға келсеңші. 
Сөйтіп Сәрсенбай үшін тағы бір табыс көзі табылды. Бұрын неге ойламағанмын деді іштей. Сүйтіп ойлағаны сол-ақ екен, бұған дейінгі бекер кеткен күндердің есебімен әлек болып кетті.
Ей, қу дүние-ай. Мына заманда тегін емес, сатылмаған не қалды? Нәпсісін тежей алмайтын қораздың да ұрығының құнын даулайтын күнге жеттік. Ел естімесін. 
Айтпақшы, бұл бұл ма, көктемде тауықтар балапан шығарғанда даудың көкесі сонда болады...
Бейбіт Сарыбай
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста