Сен тұр - мен айтайын!

Қордайдағы жағдайдың түп-тамыры құқық қорғау органдарының жұмысының шалалығы...

  • Қордайдағы жағдайдың түп-тамыры құқық қорғау органдарының жұмысының шалалығы...

    Қордайдағы жағдайдың түп-тамыры құқық қорғау органдарының жұмысының шалалығы...

Қордайдағы жағдайдың түп- тамыры әлеуметтік әділеттіліктің жетіспеушілігі мен құқық қорғау органдарының жұмысының шалалығы.
Бір ғана мысал келтіруге болады.
Осыдан екі жыл бұрын Қаракемердің 8 жас жеткіншегі Қордайдан спорт жарысынан қайтып келе жатып, жолда басқа ұлт өкілдерімен ұстасып қалады. Біздің қандастарымыздың машинасының айнасын қағып кетеді, бір баланың аяғын машинамен басып өтеді. Сонан кейін екі жақ шекіседі, Қаракемерліктер сан жағынан аз болғандықтан, біраз опық жейді.
Бұл енді, ауылдағы қалыпты жағдай, бала кезімізде өзімізде талай таяқ жедік. Ешқандай ұлтаралық мәселе жоқ деуге болады.

Бірақ, бұл мәселені құқық қорғау орындары қалай шешеді? Гәп осында.
Жамбыл облыстық ІІБ, Қордай аудандық прокуратырасынан өкілдер келіп, екі жақты ымыраласуға шақырады. Қаракемердің ақсақалдары ақылдаса отырып, қаракөз балаларға, "істі насырға шаптырмай, достасуға барыңдар" деп балалардан, "ешқандай талабым жоқ" деген арыз алдыртып алады. Жергілікті прокуратура өкілдері "екі жақты татуластырамыз" деп мәлімдеме жасап, кетіп қалады. Қызықтың көкесі бір жылдан кейін басталады. 8 қазақ баласының екеуі Алматыдағы физкультура және спорт институтын бітіріп келіп, жергілікті мектепке жұмысқа тұрады. Тағы бір-екі бала әскерге қамдалады. Сөйтсе, Қордай прокуратурасы осы өрімдей, сүп-сүйкімді балаларды сыртынан Қылмыстық Кодекстің 107-бабына сәйкес кіналы деп тауып, шешім шығарып қойған!
Бұл балалар не жұмысқа тұра алмайды, не армияға бара алмайды! Қызыл карточкаға іліккен! Өте биязы, мәдениетті, тәрбиелі балалар! Олардан ешқандай бұзақылықтың нышанын көрмедік, біз!
Енді, біз Ұлттық Кеңестің мүшелері ретінде, осы мәселені қайта қарау жөнінде Бас Прокуратураға жүгінуге шешім қабылдадық.
Қазір тиісті құжаттарды дайындап жатырмыз.
Міне, осындай жекеленген әділетсіздік, адамның тағдырына немқұрайлы қарау адамның жүйкесін шаршататындығы анық.
Осындай әділетсіздікті жою басты міндет!!

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.02.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30