Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қорғаныс министрлігі құрамындағы жауынгерлердің толық аты жөнін білмей ме?

29 наурыз 2019, 12:15

ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫ АЛАЛАМАЙЫҚ!

Жалағаш маңындағы тікұшақ апатынан 13 боздақ қаза болды дейді. Ақпарат құралдарына аты-жөндері берілді. Бірақ, 13 емес, 12 адам. Бірінің аты бар да, екіншісінің тегі ғана жазылған. Қорғаныс министрлігі құрамындағы жауынгерлердің толық аты жөнін білмей ме? Ал ұғып көр олардың кім екенін. Аттас, тектес адам көп емес пе? Қорғаныс министрлігіндегі азаматтар, мұндай дүниеге абай болу керек қой. Əр жауынгердің артында ата-анасы, ағайын- туысы бар. Қазір қаза болған боздақпен тектес қанша отбасы қан жұтып отыр десеңізші! Қаза болғандардың қатарында аты аталмаған азаматтың жақындары не ойлайды? Үміті оянып, ертең күйікке айналмай ма? Əлде əскерге қатысы жоқ бөтен біреу болды ма? Расынмен-ақ 13 адам болса, қаза болғандарды түгендеп, аты-жөндерін дұрыстап беріңдерші.

Serik Zhanbolat
Фейсбуктегі парақшасынан