Сен тұр - мен айтайын!

Көрінген бәле-бәтерді ауыздарыңа ала бермеңдер...

  • Көрінген бәле-бәтерді ауыздарыңа ала бермеңдер...

    Көрінген бәле-бәтерді ауыздарыңа ала бермеңдер...

Жаратқанның есебі түгел.

Коронавирус індетінен табиғат пайда көрейін деп тұр..

Ендігі жерде ең бір мешкей, қомағай деген адамның өзі тышқан, тарақан, жарқанат секілді "экзотика" түгілі, жабайы аң-құстың етін абайлап жейтін болады.

Ал организмі мыңдаған жылдар бойы мал өнімдеріне дағдыланған қазақ баласы үшін дәстүрлі тағам-тамақтардан бас тарту қауіпті!

Жап-жас жігіттер белсіздікке душар болып жатыр деп дабыл қағылғалы біраз болды. Оның көптеген себептері де айтылып жатыр.
Бірақ, қазақ баласы үшін оның ең үлкен себебі, тоңмайды (малдың ерітілген іш майы) пайдалануды шектеу екенін көп адам, тіпті дәрігерлер де түсінбей жүр.
Холестерин батыс адамы үшін аса қауіпті шығар?!
Бірақ, қазаққа қауіпті емес.

Себебі, жоғарыда айтқан Жаратқанның есебі түгел..
Мыңдаған жылдық эволюция қазақ баласының ағзасында оған қарсы иммунитет қалыптастырмауы мүмкін емес.
Бірақ евроцентристік біліммен сусындаған біздің ғалымдарымыздың оны байқауы қиын..

Сондықтан, атаңның жеңсік асы табылып тұрса, көмейден өтсе болды деп, көрінген бәле-бәтерді ауыздарыңа ала бермеңдер.

Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 855    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 10:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31