Көрші боқ жаққан жерін иеленіп қоймай тұрғанда, жоғарыдағылар өз таңдауын жасауы тиіс
Аю деген мақұлық меншігім деп санайтын аумағын екі әдіспен таңбалайтын көрінеді: өсіп тұрған ағашты бойы жеткен жерінен тырнайды (қабығын сыдырады) не нәжісін жағады.
Аюсипат көршінің бірнеше өкілі, бірінен соң бірі, шекара бағанына нәжісін жағып, біздің ғана емес, жарты әлемнің жүрегін айнытып жатқанына бірнеше күн болып қалды. Әлгі тіршілік иелері - сөзді түсінетіндер қауымынан емес. Олар тек күшті түсінеді, күштіні ғана мойындайды. Негізі, бізде бұндай күш бар. Оның аты &ndash қазақтың ұлтшыл азаматтары. Қазіргі шақта олардың күшті/күш болып білінбейтіні &ndash жоғарыдағылардың, бәрі болмағанымен, көбі - қазақ ұлтшылдарын өте жек көреді, қатты қорқады, ұлтшылдықтың кез келген құбылысын басып-жаншуға, бір-біріне айдап салуға жанын салады. Бұл лас та дұшпан тірлікте дүниедегі сайтани арсеналдың ең бір сұрқия, сайқал амал-тәсілдері сарқа пайдаланылады. Сондықтан, да өз миссиясына сай - қазақ қоғамының, қазақ мемлекеттілігінің өрлеуінің қозғаушы күші болуы тиіс ұлтшылдардың сыртқы жаумен күресетін халі жоқ. Аюсипат көршінің сөзден іске көшу қаупі уақыт өткен сайын артып келе жатқанда, жоғары эшалондағылар не ұлтшылдара арқап сүйейді не көршінің қолының (бұтының) астына кіріп, әрқайсысы өзіне қарағанда «ұлырақ» көршінің, ары кеткенде, қолбала, малай, көмекшісінің орынбасары сынды майда-шүйде рөлді місе тұтуына тура келеді. Өйткені, бір жүйеде екі элита деген болмайды. хАЮандар боқ жаққан жерін өзімдікі деп иеленіп қоймай тұрғанда, жоғарыдағылар өз таңдауын жасауы тиіс.
Нұрлан Сәдір
Фейсбуктегі парақшасынан