ҚОРШАП АЛҒЫШТАРҒА ҚҰЛАҚҚАҒЫС

23 шілде 2021, 23:33

Дубайдан әріректегі Әл Қорда құмының ортасында қос көл бар.
Табиғи емес, адам қолымен толтырылған айдын айқасып жатқан екі жүрек түрінде жасалған. Әрине төбесінен ұшақпен, тікұшақпен қарағанда немесе дрон арқылы түсіргенде солай екені анық байқалады.
Бұл көлді Дубайдың әмірінің мұрагері Мұхамед Әл Мақтұм өз қаржысына жасатқан. Және бүкіл халыққа тарту еткен, Кел де тегін дем ала бер.
Бізде табиғаттың өзінен тұрған Алатау бөктерін, кеңес заманында Қонаев салғызған Қапшағай су қоймасының жағасын бөліп-бөліп қоршап, дем аламыз дегендерді тек ақылы түрде кіргізетін "мұрагерлер" мен солардың маңайындағылармен салыстырып көрсеңіз, сағыңыз сынады-ау.

Қайнар Олжай

Фейсбуктегі парақшасынан