Сен тұр - мен айтайын!

Қорыққан ел ақшасын ішкиіміне тығып әкелетін үйге...

  • Қорыққан ел ақшасын ішкиіміне тығып әкелетін үйге...

    Қорыққан ел ақшасын ішкиіміне тығып әкелетін үйге...

1979-80 жылдары Қапалда көршілеріміз немістер болды. Кешкісін есік алдында жиналып, әңгіме соғамыз. Сонда Катя "Германияда керемет, әйелдер кір мен ыдыс-аяқты машинаға салады да, кнопканы баса салады, өзі жуып, өзі шайып, өзі кептіріп шығарады" дегенде сенбейтінмін. Ол кезде біз Алма-ата деген машинкаға суды ысытып өзіміз құйып, оны өзіміз төгіп, көбінесе қолмен сығатынбыз. Өйткені кір сығатыны тез бұзылып қалатын. Соның өзінде өзімді "доскамен" кір жуып жүрген әйелдермен салыстырып, өзімді "современной әйел" санаушы едім. Неге десеңіз, сол Алма-ата кез-келген үйде болмайтын. Ал, Катяны ішімнен "өтірік айтып отыр" деп сенбейтінмін. қазір кір машинаның кнопкасын басқан сайын, Германиясына көшіп кеткен Катя есіме түсіп, ұялып қаламын.
90-шы жылдары, ауылдағы ел бір тайыншаны бір етікке айырбастап, артынан кебек жей бастағанда Алматының елінен "шетелде ақша ұстамайды екен, дүкенге келсе карточка бере кояды, кассир соның ішіндегі акшадан өзіне керегін "шырт" еткізіп ала қояды екен" дегенді естігенде сенбегеніңіз не, "жынды ма, дүкенші бар ақшасын сыпырып алып калса қайтеді?" Деп таңғалатынмын. Өйткені сол жылдары ел зарплатаны бір күн өшіретте тұрып, сберкассадан алатын. Қырылып жүріп алған акшасын қалта ұрыларды қағып кетіп, сорлайтындар да болатын. Содан қорыққан ел ақшасын ішкиіміне тығып әкелетін үйге. Бірде жұмыстағы әйелдер "барахолкада қалтасы бар труси сатып жатыр екен" дегенді естіп, ортамыздан біреуді жіберіп, алдырганбыз. Расында да алдында бір зарплата сиятын қалтасы бар екен. Кейін білсем, ол ақша салатын емес, баска "бірдеме" салатын қалта екен. Ұят-ай. Сол кезде кытайлар бізде қалта ұрылары көп екенін білген шамасы. Бірақ сол қалтаның аркасында автобуста ұрылардың қорықпай туратын едік. Бірде Атыраудан келген досыма барахолкаға сол трусиді кигізіп, жанына қызымды қосып жібергенмін ғой. Жұмыстан келсем кішкентай қызым "енді Арман тәтемен барахолкаға бармаймын"деп ашуланып отыр. "Не болды?" Десем "Арман тәте бірдеңе сатып алса, ақшасын алу үшін туалет іздейміз" деееп отыр. Зато ақшасын ұрыларға алдырмай, саудасын жасап келді Қазір дүкенге барған сайын, карточкамнан ұяламын ғой.
Мына, короновируска да сол ескі әдетімше сенбей жүруші едім, бүгін Астанадан келетін немеремді қарсы алу үшін аэропортқа маска киіп бардым. Ертең тағы уялып жүрмейін деп. Бірақ... көп қазақтар мен сияқты сенбей жүрген сияқты. Біз сияқты аңқау халықты Аллам өзі сақтасын.
короновирус, кет, кет!!!

Гулнар Магзумова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2350    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31