Сен тұр - мен айтайын!

"Қорықпа, айналайын! Ағаң деген күнде асылады"

  • "Қорықпа, айналайын! Ағаң деген күнде асылады"

 Марқұм бір құрдасым тентектеу еді, жас кезінде екі-үш рет отырып шықты . Тонаған, бүлдіргені жоқ, тек баяғы төбелес, шатақ. Соның бір әңгімесі айтқан:

"Ауылда дүкен кешке жабық, арақты автолавка дүкеншілері сатады. Соған барсам, үйі ашық, тірі жан жоқ. Шеткі бөлмеге кірсем, дүкенші гардеробқа асылып тұр. Зәрем ұшып, шыға қаштым. Шөп ауладан өтіп кетейін, ешкім көрмесін деп зыттым. Мынаны маған ілсе , құрыдым ғой сорлы басым " деген ой басымда. Шөп аулаға кіріп барсам, әйелі сиыр сауып отыр. "Апа а а , апа а а" деп үй жақты нұсқай бердім, басқа сөз айтуға дәрмен жоқ.  "Не болды қарағым?" деді ол кісі. ,,Ана жақта аға асылып өліп қалыпты" дедім тұтығып. "Қорықпа , айналайын! Ағаң деген күнде асылады" дейді ғой сонда апам. Сөйтсем, ішіп алса ағамыз ылғи сөйтіп жасайды екен ғой, иегінен асылады. Сөйтіп  бір зәрем ұшқаны бар" деген еді. Бұл енді ол кісінің әйеліне жасап жүрген қылығы ғой. Еркелегені ме, кім білсін? Қазіргі "саясаткерлер" сол еркелігін елге көрсетіп жүр . Ондай хайпты түсіне алсақ бірақ ... Қазіргі кезде саясаткерлер тек сауатты ғана емес, ұстамды, салмақты, басқаларды жау, сатқын көрмейтін болуы керек . Халық соларды іздеп жүр. 

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2613    Пікірлер: 0

сенбі, 23.05.2020, 16:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30