Сен тұр - мен айтайын!

Көсем мен шешеннің мақтауын азайтайық дегім келген негізі...

  • Көсем мен шешеннің мақтауын азайтайық дегім келген негізі...

    Көсем мен шешеннің мақтауын азайтайық дегім келген негізі...

ӘЙ, АМАЛ ТАПҚЫШ БОЛДЫҚ-АУ!!!


Оған да тәуба! Әйтеуір бірдемеден алда болайықшы. Өткенде "Шаншардағы" Уәлибек көкеміздің жағдайын сұрап, хабарласқанымда:
- Аске, намыс жібермеді! Елден қалып, бүкіл жұрт ауырғанда мен қалам ба деп ауыра салып едім, ертесінде "Қазақстан тез жұқтырудан әлемде бірінші!" - дегенде қуанғаннан жылап жібердім! Талайдың аузын ұрдық қой! - деп еді.

"Карантин!" - деп үлкен базар, сауда орталықтарын жауып тастадық деп қарқ болып жүрміз. Оларға да күн көріс керек, бала-шаға асырау керек, 42500 берілмейтіні де бар, қайтеді енді? "Аэровокзал" ұялы телефон сату, жасау, ауыстыру орталығы еді, ғимарат жабық болса да амалын тауып, сыртқа шығыпты. Мәшиненің артын ашып қойып жасап жатыр, ауыстырып жатыр...
"Істің ебін біледі, амалын табады" - деп қазекең осындай балаларды мақтайтын шығар.
"Сөз тапқыш, амал тапқыш" үлгі бізге. Қазықты ойлап тапқан қазақты танымасақ та білекпен,сөзбен жеңген, алдын орап кеткен, таптырмай кеткен, тартып алған, қанға бояған жұртты жақсы танимыз.
"Ойлап тапқан, өзі жасаған, жаңалық ашқан, ғылымға үлес қосқан" - деген ҚАЗАҚТАРДЫ да мақтан тұтатын, үлгі ететін күнге жетейікші!!!
Көсем мен шешеннің мақтауын азайтайық дегім келген негізі...

 

Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1425    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 09:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30