Ай, қыздар-ай…
Арасында коуч-психолтогтардың парақшасын көзім шалып қалады. Интересныйдан шығып тұрады. Комменттеріне көз жүгіртіп шығамын сосын.
Қарасам, сабақ оқығысы келетіндер көп.
Енді бірі Түркиядан сауданы үйретемін дегендер. Оларға да “оқысам ба екен 1 миллион екен сабағы” деп қатысқысы келіп тұратындар бар.
Не бір дау болып, ақшалаларын салып өкініп қалғандар Қазақстанды шулатып бастарын тасқа соққанын айтса да біздің қыз-келіншектер “оқығымыз келеді” деп қоймай жатыр.) Дауа жоқ.)
Бір чаттан көргем “қатысайын ба сабағы миллион екен” деп туысынан ақыл сұрағанын.
Стамбулға барып байерлардың схемасын мен өзім-ақ зерттеп келгенмін. Ешкімнен оқымай 2-ақ күнде БАЗАРДЫ ШАРЛАП жүріп үйреніп алғанмын.
Құдай-ау, сонша КӨП ақша төлейтіндей сабақ емес қой.
Бірақ, мен соны білемін деп САБАҚ ӨТКІЗГЕН жоқпын ғой. Өйткені, адамда ӘДЕМІ АДАМИ ҚАСИЕТ болуы керек. Сондықтан, ондай сабақ өткізбеймін.
Қыздар, бәріміз қиындықты көрдік. Шығу жолын айтып берейін бе.
Ешқандай волшебная палочка ЖОҚ.
Коучтан оқып не миллионға Түркиямен сауданы оқып БАҚЫТТЫ БОЛЫП КЕТЕ алмайсыз. Осыны ұғыңыз.
Бірақ ҚИЫНДЫҚТАН ШЫҒАСЫЗ.
Тек санаңызға ӨЗІҢІЗ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗСЕҢІЗ.
Ол үшін ІЗДЕНУ, ОҚУ керек.
Мен солай істедім. Ешкімнің сабағына қатысқан ЖОҚПЫН.
Адамға бар керегі 5 қасиет.
Олар жайлы келесіде жазармын.
Просто, көріп жаның ашиды да және қарның ашады. Біздің қыз-келіншектердің тым ергіш, өз стержені жоқтығына. Сосын осылай пайдам тисін деп пост жазып қоясың.
Жаңа ақша төлеп ағыл-тегіл жылап жатқандарды көрдім. Құдай-ау, ТЕГІН-АҚ жылауға болады ғой. Өзім тегін жылап үйренгенмін кезінде. Бірақ сол коучқа барып ЖЫЛАҒАННАН бүкіл проблема шешіліп кетпейтінін ТҮСІНБЕЙ ТҰР ғой.
Өзің жыласаң да, коучпен жыласаң да, күні-түні пстхологиядан сабақ алсаң да ШЕШІЛМЕЙДІ.
Әлгі 5 қасиет болмаса.
Коучтан оқып не миллионға Түркиямен сауданы оқып БАҚЫТТЫ БОЛЫП КЕТЕ алмайсыз
09 сәуір 2022, 15:45
