Сен тұр - мен айтайын!

Көйлектің дағы жуылар, көңілдің дағын қайтпексің?!

  • Көйлектің дағы жуылар, көңілдің дағын қайтпексің?!

    Көйлектің дағы жуылар, көңілдің дағын қайтпексің?!

Жол жиегінде қоқыс толы арбасының бірде алдын, бірде артын тартқылап, тырбаңдап жатқан әйелді көрдім. Менің алдымда келе жатқан қыз жігіттер арбасына шамасы жетпей тұрған әйелге мойын бұрмастан, әңгімесін бұзбастан өте шықты. Бәлкім студент баласы намыстанды, әлде таныстарым көрмесін деді ме, қарт ана бетін тұмшалап алыпты. Қасына жете бергенде арбасын сүйрей жөнелдім. Қолынан сырғып кеткен арбаға бір, маған бір қараған күйі томпаңдап еріп келеді. Тәуір жолға түсіріп берген соң, арбаны қоя салып, жер сүйген жылтыр көйлегімді қағып жатып етегіне май тигенін байқап қалдым. Елемей жүгіре жөнелдім.Өзім әлгіде озып кеткен қыз-жігіттердің бірі "Рахмет, әпке" дегенде селт ете қалдым. Түсінбегенімді жүзімнен аңғарса керек "Үлгіңіз үшін" деді де, енді арбаны олар сүйрей жөнелді...

Өмір көш - жүре түзелер. Ол үшін біз үлгі болайық! Көйлектің дағы жуылар, көңілдің дағын қайтпексің?!


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 940    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.04.2019, 16:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30