Сен тұр - мен айтайын!

Көз алдыма кептерлерге нан қоқымын беріп отыратын, қара күртешелі әйел елестей берді

  • Көз алдыма кептерлерге нан қоқымын беріп отыратын, қара күртешелі әйел елестей берді

    Көз алдыма кептерлерге нан қоқымын беріп отыратын, қара күртешелі әйел елестей берді

Жол жиегіндегі қоқыста қара күртешелі егде әйел әлдене іздеп жатты. Жан жағын кептерлер қаумалап алыпты. Жақын бардым. Көздері ісіңкі, өңі жүдеу. Тамағын қырнап алып, қаннен қаперсіз қоқыс жәшігін ақтарып тұра берді. Дүние есігін ашқан сәт бір үйді қуанышқа кенелтіп, өзі де әлдекімге бақыт сыйлаған шығар,ә? Иә, алпыстан асқан шағында несібесін қоқыстан терген әйелге жаным ашыды. Қолымдағы тиынымды беріп, бетін бері қараттым. Бағалы бөтелке іздеп тұр екен. Бұл әйел іздеген қымбат бөтелке 15 теңге тұратын көрінеді... Күнделікті тапқаны нан мен виноға жетсе болды екен, басқасының бәрін соның жолында тәрк еткісі бар.
Кеудемнің сол тұсы солқ етті. Қызы 18 ге толып, тұрмысқа шығып, Мәскеуге кеткен. Туған сіңілісі үйін алып қойыпты. Сол қайғыдан бас көтермей ішіп кеткенін жасырмады. Мен оған арнайы үйі жоқтардың мекеніне апарып, орналастыруға ұсыныс жасадым. Көйлек көк, тамақ тоқ болатынын да айттым. Келіспеді. "Ол жерде бостандық жоқ, ішуге рұқсат бермейді" дейді. Кетерінде қандай арманы бар екенін сұрадым: "Қызым мен сіңілім қиындық көрмесе екен. Сол екеуі бақытты болса болды" деді күрсініп. Сосын ұйықтайтын жерін көрсетуін өтіндім. Домофоны жоқ, есігі ашық подьезге алып келді. Тастай цементке бүк түсіп жата қалды да: "осылай ұйықтаймын" деді. Аязда жаурамайсыз ба?" деген орынсыз сұрағыма күліп қана, "өткенде ғана бір досым үсіп қайтыс болды" деп жауап берді. Көз алдыма кептерлерге нан қоқымын беріп отыратын, қара күртешелі әйел елестей берді. Күн суымаса екен...

Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1239    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.02.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30