Көз алдыңда көлбеңдеген сумақайды көріп күніне «мың өлу» — өлімнің өлімі емес пе

26 шілде 2021, 10:17

Мына екі бейнебаянды қатар салдым.
Екеуінде де қызбаланы еркінен тыс байлы ету процессі.
Тараптар келісімі мен алыпқашуға қарсы емеспін.
Ал еркінен тыс—айта көрме! Қаным қарсы!
Ал, бұл проблеманың екінші бір-ұшы—
қисық кеткен тұқымыңды түзеудің жалғыз жолы — қаны дұрыс ерлі-зайыптылардың қызына құда түсу.
Қызыңды «сау адамдар» ұлына беру!
Физикалық мүгедек бала бағып отырғандарды кемсіткім жоқ, теңін табар.
Айтпағым «ауыруы басында болатын» — ойлау қабілеті төмен, сазбет, көкбет, немкетті — немқұрайлы, саудың асын ішіп — ауырудың сөзін сөйлейтіндерді меңзеп отырмын.
Үйде, дастархан басында ұлыңа да қызыңа да жеткізіп айту, түсіндіру ата-ана міндеті.
Келіні жақпаған ата-ене, атасы мен енесін жек көретін қыздары бар жанұялардың жүзін көріп жүрмін.
Бұл, ұлың күйеу-қызың келін болмай тұрғанда жүргізілуі тиіс жұмыстардың жүргізілмегенінде!
«Қолын мезгілінен кеш сермегендер..» өкініші көп.
Жә, бұл айтпағыма қазіргі еркімен кеткен — «өздері білетін» жастар көне ме?
«Мынау келіндерің» немесе «мынау күйеу балаларың. Осыған тиемесем — өлемінге..» басатын бала көп қазір.
Баланың «айтқанына көніп — айдауына жүретін» ата-ана қайғысы мың.
Өзі өмірі сүреңсіз —  түйгені жоқ кейбір ата-ана балаларына не ақыл айтпақ?!
Осындайлардан туған бала қандай?
Оған тигелі отырған қыз кім?
Меніңде «басымды қазандай еткен» осы проблема!
Үйде үйленбеген ұл көп.
Өткенде бәрі жиналып бастары қосылғанда «сөзбайласып жүрген қыздарыңды, оған «үйленейік» демей тұрып, маған көрсетесіңдер..» дегенмін.
Өйткені, өздері дұрыс таңдай алмаған бауырларымның үйінен ағайын асішуден қалмай ма?!
Келін дұрыс болмаса ағайын арасы ашылмай ма?
Құдағи жәлеп болса өзімен кетсін. Оның ол «қасиеті» қызы қанынан шықса қайтемін?
Құдам ұры болса ше?
Одан туған қыз «төркініне таситын..» болып шықса ше?
Өлді дегенің сол..
Өзекті жанға бір өлімнің бары анық.
Ал көз алдыңда көлбеңдеген сумақайды көріп күніне «мың өлу» — өлімнің өлімі емес пе.

Тортуыл Шоқан

Фейсбуктегі парақшасынан