Сен тұр - мен айтайын!

Кредиті жоқтар кредит алғандар үшін жапа шегуі керек пе?

  • Кредиті жоқтар кредит алғандар үшін жапа шегуі керек пе?

    Кредиті жоқтар кредит алғандар үшін жапа шегуі керек пе?

«Кредит кешірілсін!» деп жүрген Жанболат Мамайдың жанталасын түсіне алмадым.. Кредитті де анау-мынау адам ала бермейді, жұмысың, несиені төлей алатын мүмкіндігің болуы керек ол үшін. Осының біреуі де жоқ болып, кредит ала алмай қиналып жүргендер қаншама. Олардың хақы қайда қалады сонда? Кредит алғандардың кредитін кешіреміз, кредит алмағандардың несін кешіреміз, ал? Кредиті жоқтар кредит алғандар үшін жапа шегуі керек пе? Халықтың қазір ең жанды жері осы – кредит. Көбінде кредит бар. Жанболаттың мұнысы – сол көпшіліктің қолдауына ие болғысы кеп істеп жатқан тәркі тірлік қана, фишка. Қаншама адамның кредитін кешіре салса, Қазақстан банкрот болып қалатын шығар.. Мемлекет мұндай ақымақтыққа бара алмайды. Кредиттің арғы жағында тағы бір үлкен мәселе тұр. Ол – пайдалы қазбадан үлес алу мәселесі. Егер біз кредитті кешірсек, бәрінің кредитін кешіреміз: Қазақстанға кеше келгендердің де, бұрыннан тұрып келе жатқандардікін де. Ертең заман түзеліп қазба байлығынан үлес алу мәселесі қозғалатын болса, онда кеше ғана келіп, азаматтық алып алған ұлты басқа (елге еңбегі сіңбеген) қаншама адам ол ақшаға ортақтасып кетеді.. Ал ол – қазақтың ақшасы.. Қазақстан қазір кредитті кешіре салатындай жағдайда емес. Мемлекет қалт-құлт етіп әрең тұр. Не істесек те ойланып барып істейікші, достар!

 

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2124    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30