Сен тұр - мен айтайын!

Қуанышын қазақпен бөлісіп жатқан Болатты мен де соларға қосылып жамандағым келмеді...

  • Қуанышын қазақпен бөлісіп жатқан Болатты мен де соларға қосылып жамандағым келмеді...

    Қуанышын қазақпен бөлісіп жатқан Болатты мен де соларға қосылып жамандағым келмеді...

Пәтер жалдап тұратын 5 баласы бар жесір әйелді танитынмын. Сол кісіге көптен бері көмектескім кеп жүрген. Ақшалай берейін десем, сол сәтте бере қоятын артық ақшам да болмады. Жағдайы ауыр болатын. Содан ол кісіге қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардан бір көмек алып берейінші деп сондай қорларды іздестіре бастадым. Іздеп жүріп жағдайы жоқ отбасыларға жәрдемдесетін бір қорды таптым. Мен барған кезде көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жасап жатты. Тізімі толып қалыпты. Оларға жаңағы әйелдің жағдайын айтып, ай сайын 30-40 мың теңгенің азық-түлігін тегін алып тұратындай қылып тізімге енгіздім. Иығымнан бір жүк түсіп, әлгі жерден жеңілдеп қалғандай болып шығып келе жатыр едім, сыртта сондай бір кісілер қап-қап картоп пен макаронды мәшинесіне тиеп жатыр екен. Әңгімелесіп тұрсақ, ол қордың иесі Болат Назарбаев екенін айтады. Таң қалдым. 200-дей адамға осылай ай сайын тегін азық-түлік таратып тұрады екен. Бәрі жетім-жесірлер. Осыдан 2 жыл бұрын Болат Әбішұлының жетім-жесірлерге көмектесіп, Ұшқоңырдан оларға 18 үй алып бергенін жарыса жазғанбыз. Сөйтсем, ағамыз үндемей жүріп қайырымдылықпен айналысады екен. Қызылағашты су басқанда да сондағы бір жігіттер айтқан. Болат Назарбаев сол кезде қайғы-қасірет шегіп жатқан ауылға барып, өз ақшасына 10 үй салып беріп кетіпті. Әншейінде әлеуметтік желідегілер жерден алып, жерге салып жататын Болат Назарбаев сол сәтте көз алдымда басқа адамға айналып шыға келді. Сырттай сөккенімізбен, кейбір адамның жан дүниесіне үңіле бермейміз. Кейде біз сараң, қатыгез деп жүрген адамдар жомарт, жүрегі жұмсақ болып шығып жатады. Шардара туралы өткенде бәрі жаппай жазып жатқанда, өзім үндемей қоя салғам. Палау жеп, көкпардың қызығын көруге барған адамдар мен митингке шығатындардың арасынан ешқандай байланыс таба алмадым. Хайп қуалағандардың көбі оны іліп әкетіп, тойға барғандарды жазғырып жатты. Қазақтың бар байлығын қалтасына басып жатқан Машкевич пен Шодиевтердің біреуі осы сондай нәрсе істемейді ғой. «Байдың асын байқұс қызғанады» демекші, қуанышын қазақпен бөлісіп жатқан Болатты мен де соларға қосылып жамандағым келмеді...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1384    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 12:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30