Құдай баланың санасыздығымен сынамасын

18 мамыр 2021, 12:19

Менің түсінгенім, балаңыздың есімін қанша қазақи, діни, имани тұрғыдан қойсаңыздар да, қоршаған орта өзінікін жасайды екен. Әйтпесе "Нұрбиби" мен "Тоғжан" деген есімдер, нағыз қазақтың сұлу есімдерінің бірі деп білемін.
Біз ұлтшыл, патриот, қазақша сөйлейтін, Елі мен Жерін ойлайтын азамат болуымыз мүмкін. Басымызбен жұмысқа кіріп кетіп, ұл мен қыздың не істеп жүргенін білмей кетеміз. Сөйтіп уақыт өткізіп аламыз. Көзді ашып-жұмғанда, балалар есейіп шыға келеді. Ал 18 жастағы санасы мен буыны қатып кеткен балаға сенің сөзің өтпейді. Ұрыссаң - түсінбейді, Ұрсаң - кетеді. Тупик. Мағынасыз өмір сонда басталады.
Құдай баланың санасыздығымен сынамасын.

facebook.com парақшасынан