Сен тұр - мен айтайын!

Құдайын танымайтын дәрігерлер тұрғанда ондай күнге жету қайдааа

  • Құдайын танымайтын дәрігерлер тұрғанда ондай күнге жету қайдааа

    Құдайын танымайтын дәрігерлер тұрғанда ондай күнге жету қайдааа

"Дәрігерлер сау ағзасын науқастарға беруге келіскен балаға тағзым етті" дегенді оқып едім. Суретке қарасам жапырылып алғыс айтқан дәрігерлер...

Былай қарасаң ағзасын құрбан етіп кеңдік танытқан біреу, оның шарапатын көретін тағы басқалар. Ол үшін дәрігерлер неге басы жерге жеткенше иілуі керек? Сөйтсек ол жақтың ақ халаттылары ауруына шипа тапқан әрбір науқас үшін шын қуанады екен ғой.

Ал біздің айналайын дәрігерлер басқаны былай қойғанда өз қателігінен адам өліп жатса да кешірім сұрауды білмейді. Бас ию туралы армандамай-ақ қойыңыз. Қатып қалған ғой. Мойнын қозғалту күнә оларға. Оны енді басына іс түскендер білсе керек.

Әпкем Сембаева Айбаршаның дәрігерлер қатесінен, дәлірек айтқанда Алматы облысы Текелі қалалық ауруханасы дәрігерлерінің қателігінен көз жұмғаны шындық. Неге?

▪︎Біріншіден, баклажаннан уланып жедел жәрдем шақырғанда алғашқы көмекке келгендер "кәдімгі тұмау ғой, өз аяғыңызбен барып емханаға көрініңіз" деп температураны басатын дәрі егіп кете барған.
▪︎жаны қысылып, екінші жедел жәрдем шақырғанда аурухананың кезекші бөліміндегілер инсульт деп қате диагноз қояды. Себебі, ботулизм мен инсульттың белгілері ұқсас. Өкініштісі алғашқы анамнез жиналмаған. Қан қысымы 130/90 (қалыпты дүние ғой) болғанның өзінде инсультқа емдеген дәрігерлер ақыры үшінші күні Айбаршаны комаға түсіріп тынады. Тек дәл осы белгілермен үшінші күні ұлы, төртінші күні құдағиы ауруханаға түскенде ғана БОТУЛИЗМ деген диагноз нақтыланып, басқа ем жасалады. Бірақ бәрі кеш еді. Бұл кезде Айбарша комада жатқан болатын. Одан 3 күн кейін ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдаған екі адам да қазір ортасына оралды. Егер Айбаршаның да диагнозы дұрыс қойылса жағдай басқаша болар ма еді.

Осы уақытқа дейін бұл мәселені Болат Мүрсәлім жетекшілік ететін 31 телеарна журналистері көтерді, Время газетіндегі әріптестеріміз зерттеу мақаласын арнады. Қазақ журналистері әділдіктің орнауына, кінәлілердің жазасыз қалмауына тілекші болды.

Бүгінгі күнге дейін Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссияның шыққанын айтқан. Ал Текелі қалалық ауруханасының бас дәрігері Целишева ханым реанимацияда сол күні кезекші болып, Сембаева көз жұмғанда жұмыс орнын тастап кеткен Александр Епанченконың қызметтен кететініне сендірген.

Міне, бір айдан аса уақыт өтті. Сараптаманың қорытындысы да шықты. Онда ботулизм диагнозы дәл кезінде, дер уақытында қойылған. Дәрігерлерден еш кінә жоқ депті. Айналайын-ау, осыдан кейін қалай күймейсің!
Сол күні ішімдіктің иісі сыртына шығып тұрған Епанченко да жұмыстан шықпаған. Шығаратын ой да болмапты. Осы уақытқа дейін ақысыз демалыста жүрген. Шу басылған соң ҚЫЗМЕТІНЕ қайта кірісіпті.

"Мен сендерге көрсетем" деп сараптама орталығын басына көтерген Майра Жетібаева да өзін кінәлі сезінбейді. Бұл кісілер өзінің қатесін Алланың ісі деуге әбден үйренген.

Ал біз отырып алып өркениетті елдердегі кешірім сұрап, басы жерге тигенше иілген дәрігерлерді әңгіме қыламыз. Құдайын танымайтын дәрігерлер тұрғанда ондай күнге жету қайдааа.

Төменде Текелі қалалық ауруханасы берген выписка тұр. Ондағы сауатсыздықты сөз қылу артық. Айғай шығарған Жетібаеваның таспасын да қайта салдым. Өз бейнесін көрсе бәлкім ұялар. Мүмкін ұялмас...

Ендігі үміт тек Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановта!

Айнур Сембаева
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 864    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30