Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Құдды әйелі тастап кеткен әпербақан күйеу сияқты...

24 тамыз 2020, 10:38

Лукашенконы мен самодур, сатрап деп қабылдайтынмын. Ол туралы менің пікірім өзгерген емес. Керісінше, ол көзқарасым. беки түсті.

Еее, анауыңыз рас нақұрысе.. Рас.

Халқы "біз басқаны таңдадық, сен кет" деп көшеге шықса, анау қызғаншақ деспот күйеудей халқын бір апта тоқпақпен томпылдатты.

Одан кейін "сендер менен артық ешкімді таппайсыңдар, менен айырылмаңдар" деп елірді.

Құдды әйелі тастап кеткен әпербақан күйеу сияқты.

"НАТО, АҚШ сыртқы жау елге кедергі келтіруде" деп бір лақты.
"Сен басқа біреуді тауып алғансың ғой" деп ажырасу процессі кезінде дағдарған күйеуі алай - түлей болады емес пе, мынау да сол.
"Мен ананы істедім, мен сендер үшін мынаны істедім" деген де сол тастанды күйеудің әңгімесі ғой.
Лукашенконың қазіргі қылығы "мені қайтадан сүй, бәрін қайтадан бастайық" деп жүрген күйеудің қылығына ұқсап тұр.
Жалпы, беларус халқы өзі жуас, ері еңбекқор, қыздарының өңі күн шұғылалы, алтын арайлы боп келетін керемет славян халықтарының бірі еді.
Бұлар ежелгі русиндардың ұрпағы ғой.
Сол халықтың мойнына 26 жыл бойы мініп алып ойына келгенін істеген дарынсыз басшы, ебедейсіз самодурдың ісі қарын ашытады.
Беларусь - Еуропа. Оның географиялық жағдайына біздерге тек қызыға қарай берсек, қарай берсек болады екен.
Қасында, яғни батысында ең үздік экономика, өркениет, (Еуропа) теңіз жағасы, портты қалалар дегендей...
Сол потенциалды дұрыс пайдалана алмай, тот басқан өнімін мешеу елдерден басқа ешкім алмайтын Совет өндірісінен басқа мақтанатын дәнеңесі жоқ, сондай олақ саясатымен халқын кедейлендіріп жіберген феодал Лукашенконы самодур демегенде не дейміз. Негізі ол туралы әңгіме көп. Оның бәрін жазуға қолым бармай отыр.
Ал осы Лукашенконы мақтап, жақтап жүрген адамдар — нағыз надан, тоғышар адамдар.
Не экономикадан сауаты жоқ, я идеологиялық адасқан, саяси көзқарасы нөл, геосаясиі одан да плинтус байғұстар ғана бірдеңе білетіндей өздерінше Лукашенконы қолдап қомпаңдауда...
Ал былай ақыл есі түзу адамзат беларус халқына жақтасуда.. Ол қалыпты реакция.
Қысқасы, беларустерге тек қана сәттілік тілеймін. Осы арындары басылмасын.

 

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан