Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Құдды жетпіс жеті ата-бабасына өздері акушер болғандай еседі

31 наурыз 2019, 16:26

Тағы да сол сүйікті тақырыбымыз - текті-тексіз, ақсүйек-қарасүйек боп жырғап жатыр екенбіз ғой. )) Құдая тоба, айналдырған он миллионның айналасындағы жұрт, бітірген ісі шамалы. Неткен тәкәппарлық десеңізші. "Көкмойнақтың үйірі" дерсіз. Асыл тұқымы туралы айтқанда бірінен бірі өтеді. Құдды жетпіс жеті ата-бабасына өздері акушер болғандай еседі. Басынан үркіншілік, соғыс, ашаршылық, нәубет өтпеген, мұхиттың ортасындағы жеке аралда тұрған елдің ұрпағындай көсіледі. Және сол жазбаны көбі "шатадан туған" данышпан ойлап тапқан гаджетке жазып жатқанын ұмытады. Қазіргі әлемдегі ұлы өнерпаздар - Анджелина Джолидің неліктен күйеуімен қосылып африкадан балалар асырап алып жүргенін, ұлы актер Александр Серебряковтың неге жетімханадан ұлдар өсіріп отырғанын түсіне алмай кететін шығар бұ жазғандар... ))

Қасым Аманжол
Фейсбуктегі парақшасынан