Күйеуден "супермен” жасауды қою керек
Күйеуден &ldquoсупермен&rdquo жасауды қою керек. Оған жұмыс істеу, отбасын асырау, қаланың ішінен бір үй, сыртынан жер ап, осы көктемнен қалмай фундамент бастау, үлгілі әке болу&hellip әйтеуір бітпейтін қамшылау, таусылмайтын міндет артамыз. Тіпті, кейбіреуі жейдесінің түсін де таңдай алмайды. (Білем, әйелдер бұйрықты беріп, клубника жеееп жатқан жоқ, өзі қолымен жасаған проблемасының ішінде етегі желбіреп, өкпесі өшіп ол да жүр.) Көндіккені бірге өмір сүреді, шыдамағаны ажырасып (шын мәнінде қашып) құтылады.
 
Үйіңіздегі ер кісі &ndash сізге күйеу, балаларға әке шығар, бірақ, ол бірінші кезекте адам. Адам өзі шешім қабылдайтын тұлға десек, ол неге сіздің таңдау, шешіммен жүріп-тұруы керек? Неге әйелімен бірдей ойлауы керек? Орташа есеппен кемі жиырма бес жыл өз өмірін өзі басқарған адамды өзгертемін деу дұрыс па?
 
Айгүлден қалмай төшкі ашып &ldquoбірдеме істеу&rdquo, Сәуледен қалмай асты биік машина алу деген идеялар тошна әйелдікі. Еркектерде бәсеке жоқ. Жолдасыммен 17 жыл біргеміз, осы жылдар ішінде одан &ldquoҰлеке мен Индира Астанадан керемет үй алыпты, біз де алсақ&rdquo, &ldquoҒалымжан бауырым мен Айка Түркияға саяхаттапты, біз Дубайға барайық&rdquo деген әңгімені естісем құлағым керең болсын!
 
Еркекке талап жүктейтініміз соншалық, қыздар/әйелдер танымайтын жігітке де міндет қояды. Әріптес қыз интернетпен танысқан бейтаныспен кездесуге кетті. Кафеде тек сусын ішкен. Ал, қоштастарда жігіт өзі ішкен сусынға ғана төлеген. Ал, біздің қыз ішке кіре, жігіттің &ldquoсараңдығын&rdquo айтты. Ол саған төлеуге міндетті ме? Сен әпкесі немесе қызы ма ең? Кездесуге шақырды, бірақ, сені ешкім күштемеді, қызығушылықпен өзің бардың. Демек, ішкен суыңа өзің төле! "Привет/пока" дескен қыздың бәріне төлей берсе қалтасында не қалады? Кездесуге қыз шаш, макияжға шығындалар, сонда да жігіт төлеуге міндетті емес. Қыздардың бірінші кездесуден-ақ &ldquoкүйеу мен әйел арасындағы тепе-теңдікті&rdquo қабылдамайтынын байқап отырмыз. &ldquoӘйелдер-әлсіз, еркектер-рыцарь&rdquo деген бес ғасыр бұрынғы түсінік әлі тірі ме?
 
Күйеуінің ізін аңдитын әйелдер бар. Бұл махаббаттың әлегі емес, күйеуім тастап кетсе қалай жан бағам, құрбыларымның алдында масқара болмайын деген қорқыныштың страховкасы ғана.
 
 
 Ілмек сөздер: Лира Қоныс