Сен тұр - мен айтайын!

Құл ұстайдындарды естіген бір бөлек, көрген бір бөлек екен ...

  • Құл ұстайдындарды естіген бір бөлек, көрген бір бөлек екен ...

    Құл ұстайдындарды естіген бір бөлек, көрген бір бөлек екен ...

Бүгін қой сатып алуға, Нұр-Сұлтанның сыртындағы бір ауылға бардым. Мекен-жәйді тауып барсам, 40-50 қойы бар, 200-300 тауығы бар, бордақылаған жабағылары тізіліп тұрған курд әйел есік ашты. Қазақшасы судай. Саусағы мен құлағы - алтын. Ауқатты тұратыны көрініп-ақ тұрды.

Көзімнің қырын салсам, ауласында 3 жігіт қызмет етіп жүр. Бір орыс, екі қазақ. Үшеуі де сол жерде времянкада тұрады екен. Ішімдікке қатты салынып кететіндері, ісіп кеткен беттерінен байқалып тұрды.

Бір қазақ қойды сойды. Екінші қазақ қарын тазалады. Орыс пояльникпен бас ұйытып, арасында су тасып тұрды. "Қайдан келген жандар?" деп сұрап едім, курд әйел "Алматыдан алып келдім, әйелдері қуып шыққан" деді.

Екі қазақтың біреуінің есімі "Октябрь" еді. Сол Октябрь қой сойды. Көзінде жанары жоқ, адамның көзіне тік қарай алмайтын, қолында кісені болмаса да, құлдық тағдырына бас иген жан болып көрінді. Курд әйелдің дауысынан шошып қалған. Аянышты реализм. "Қазақ - бомж" деген ұғымды жүрегім қабылдағысы келмейді екен ...

Тоқтының 40.000тг курд әйелге, бас ұйытқан орысқа 500тг, қарын тазалағанға 500тг, қой сойғанға 2500тг төледім. Бірақ жігіттердің ақшасын курд әйел жинап алды. "Неге өздеріне бермейсіз?" деп жұлқынып едім, "Времянкаға қарыз" деп кесіп айтты.

Құл ұстайдындарды естіген бір бөлек, көрген бір бөлек екен ...

Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 4072    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 11:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29