Күліп, беті жылтырап отырғанға "андай" деп ойлап қалмаңыздар

26 қазан 2020, 08:24

Пост, коммент жазарда қатты кетпей, адам жүрегін ауыртатын сууыыық сөз жазбаңдаршы, жарайма, әкетайлар.

 

Баяғыда бәлністе жаттым. Қасымда екі келіншек бар. Біреуі жастау. Көрші палатадағы жігіттермен күбір-сыбырлары, ырқ-жырқтары бар, әйтеуір көңіліме жақпады.

 

Бір уыс дәрі береді. Одан укол салып тастайды. Ауыр күндер өтіп жатты.

 

Қасымдағы екі келіншек ұғып жүрген жоқ. Арасында спирттерін ішіп алады. Түнде сыбыр-күбір...телефонға да тыныштық жоқ.

 

Содан бір күні атылдым. "Әй" дедім "Мұнда курортта жатырсың ба? Ұялмайсың ба, байың бар, балаң бар. Түнімен тыныштық бермейсің? Бұл не масқара" дегем ғой.

 

Әлгі жерде әлгі келіншегім жындансын. "Ааааааа" деп айқайлап, далаға қарай жүгірсін. Шошып кеттім. "Мынау шын жынды екен ғой. Құдай-ай, бірдеңеге ұшырап қалса, енді не бетімді айттым" деп, өзім қыпылықтап қалдым.

 

Содан жоқ. "Әй, құдай-ай...нем бар десеңші" деп өкіне бастадым.

 

Содан мені профессор кабинетіне шақырды. Бетіме ұзаақ қарап отырып "сіз өзіңіз жалғыз мына қоғамды өзгерте аламын деп ойлайсыз ба?" деді.

 

Үйбаай, бетім не айтарымды білмей қалдым. Мұндай сұрақ қояды деп ойламаппын. "Бұл жерде өлім мен өмірдің ортасында жүрген адамдар жатыр. Біз берген дәріні әркім әрқалай көтереді. Сіз өзіңізбен салыстырмаңыз адамдарды. Ауруды да әр адам әрқалай қабылдайды." деді.

Сол сіздерге де айтарым, бұл жерде де әр түрлі адамдар отырады. Күліп, беті жылтырап отырғанға "андай" деп ойлап қалмаңыздар.

 

Оның үстіне күз мезгілі. Кімнің күзде қандай ауруының "қозып" кететінін білмейсіздер ғой.

 

Жәй әшейін, бірдеңе жазарда абай болыңыздар дейін дегем ғой

 

 

 

Гүлжан Амангелдіқызы

Фейсбуктегі парақшасынан