Сен тұр - мен айтайын!

Күліп отырмын... Өнердің бағасы біздегі... Тобырға тобыр жинап сол...

  • Күліп отырмын... Өнердің бағасы біздегі... Тобырға тобыр жинап сол...

    Күліп отырмын... Өнердің бағасы біздегі... Тобырға тобыр жинап сол...

КҮЛЕДІ ЕКЕНСІҢ ЕРІКСІЗ

Қызылжарда жүрмін. Бір өзіме бір пәтерді жалдап қойыпты театр. Жалғыз отырып шай ішу азап енді. Ықылық тиеді бірден. Сондықтан сумен өткізем кейде бір-екі күнді. Оны кім біліп жатыр, томпиып жүргеніңді тамақтан деп ойлайды ғой көбі. ))) "Ық,ық" деп отырғанда телефон соғады ғой тағы )

"Наурыз" мерекесіне режиссер болыңыз деген бір қаладан ұсыныс түсті. Продюсері ме екен,әкімшілік пе, ұйымдаструшыдан мені сырттай жақсы білетін жігіт хабарласты. "Аға, пенсионныйға соңғы алты айда..." - дегенше "Түк жоқ, августан бері жұмыс істегем жоқ, екі ай төсекте өтті, қалғаны жүріп, отырып үйрену. Жұмыс енді басталды. НЕгізі өткен жылда бірді-екілі гастроль болмаса табыс болған жоқ, ол табыс тек темекіге жетті" - дегем. Қарқылдап күлді. Мен де күлдім. Пенсионныйды неге сұрағанын түсінбедім... Банк емес қой ол????
Бір облысқа барасың, театр құрамы төрт-бес адам. Барып келу билеті, жатын орны, тамағы... баяғыдай қонақ күтіп жатқан қазақ аз қазір, бар болса да ұяласың. бензин, тамақ қымбаттаса да біздің билет қымбаттамай қойды. Ауыл-елде 1000 теңгеге билет алмайды. 500 теңге десең екі балаға бір билет қылып сатып жібереді. Одан ұйымдастырған адамның 30 пайызы, мәдениет үйлерінің арендасы...артистердің ақысы... сосын Алматыға келе сала қайта шыға қоймайсың, отырып қаласың... сонда тапқаның темекіге кетеді.

Осындай ұсыныстар түседі де сиырқұймышақтанып созылып кетеді.
"Командаңызда неше адам, бағасы қалай?" - деді сосын ол. Көшеде өтетін мерекеге кем дегенде бес-алты адам әр тұстан керек. Соның бәрін айтып, "Өзіммен алты адам, сценарий, дайындық, запись бар,.. бағасы 1 жарым миллион" - дедім. Дауласпай, ақылдасамыз деді. Сосын кешке контракт жіберіпті. "Келістік" - деп. Алты адамға 475 мың деп көрсетіпті. ? "Бары осы аға, түсініңіз, билет, тамақ, жатын орындарыңыз бізден, ақша аз бөлінеді, кейін де біраз жұмыстарды бірге істейміз ғой" - деп жазыпты.
Енді сценарий жазу, актер таңдау, музыка таңдау, дауыс жазу дегендер бар, репетиция жасаймыз, ол не болады? "Ойласамыз, арзанға көнетін студия бар ма? Студенттерді екі-үш мыңға шығара салуға болмай ма? Біз әкімшілік арқылы тегін жинап бере аламыз вообще то" - дейді.
Күліп отырмын... Өнердің бағасы біздегі... Тобырға тобыр жинап сол.
Айтпақшы, сонда келіп фонограммамен екі-үш ән айтатын екі әнші 1 миллионнан алады екен.

Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.01.2020, 15:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30