Күндердің күнінде өзіңді ешқашан сатпайтын адамдардың да бар екенін түсінесің

22 қараша 2018, 11:22

Күндердің күнінде...
Күндердің күнінде өзіңді ешқашан сатпайтын адамдардың да бар екенін түсінесің. Бірақ оған жеткенше талай сатқындықты көресің...
Күндердің күнінде жан сұлулығымен салыстырғанда сыртқы әдеміліктің түкке тұрмайтынын да түсінесің. Себебі, сыртқы әдемілік дегеніңіз алғашқы жаңбырмен ағып кететін бояу секілді...
Күндердің күнінде сен айтып жүрген қанатты сөздер мен афоризмдер әдемі болғанымен жәй ғана сөздер екенін түсінесің. Өмірде өзің көз жеткізген шындық қана маңызды...
Күндердің күнінде қайырымдылық, адалдық, мейірімділік пен қамқорлық секілді қасиеттер сенің әлсіздігің емес, ішкі күш-жігерің екенін түсінесің...

Мұрат Мұқаш
Фейсбуктегі парақшасынан