Құндылықтар құнсызданып кеткен қазақ қоғамы жаңару үшін жүйе өзгеру керек
Бүгін құрбым "Балаларымды талабы болса, дәрігер етем" деді. Шынын айтты. Құрбымның дәрігерге күні түскеніне бір ай болды... Тағдыры солай деуге мәжбүр етті.
Жақында әлі тұрмыс құрмаған құрбым "Аяш, баламды дәрігер етем" деді. Туысының басына түскен сынақ солай деуге мәжбүр етті.
Талабы болса, екеуінің баласынан да халыққа қамқор, халыққа жаны ашитын дәрігер шығады.
"Тұрмыс құрып, балам болса, мен де баламның дәрігер болғанын қалаймын" дедім. 
Анасы бала үстінен қайтқан, анығы өзін дүниеге әкеле сап қайтқан жігіт алдына гинеколог болуды мақсат етіп қояды. Бала кезімізде "Сол кісі мықты гинеколог, жақсы босандырады. Менің анам секілді өзге аналар босану үстінде дүние салмасын" деп барын салады" деп көп әйел мақтап отыратын.
Байқағаным, соңғы кезде дәрігерге деген құрмет артқан. Баласын дәрігер еткісі келетін адам көп. Қай заманда да дәрігер мамандығы ең қадірлі мамандық болуы тиіс. Құндылықтар құнсызданып кеткен қазақ қоғамы жаңару үшін жүйе өзгеру керек.
facebook.com парақшасынан