Сен тұр - мен айтайын!

Құндылықтарын жоғалтқан мемлекет құлдырайды, адамдар "рухани аштыққа" ұшырайды

  • Құндылықтарын жоғалтқан мемлекет құлдырайды, адамдар

    Құндылықтарын жоғалтқан мемлекет құлдырайды, адамдар "рухани аштыққа" ұшырайды

Құндылықтар алмасқан қоғамда өмір сүріп жатырмыз. "Мұның несі жаман?" дейсіз ғой? Айтайын.

 

... Медициналық сақтандыруға төлеп жатқан салығымның рахатын көрейінші деп, алдағы көктемде ішетін дәрумендер жөнінде дәрігерден кеңес алуға бардым. Мем емханаға алғаш баруым ауылдан кеткелі. Кешкі  жетідегі қабылдауға барсам "Сіз тіпті тегін анализ тапсыра алмайсыз, сақтандыруыңыз жоқ" деп шығарып салды. Жұса күні таңертеңнен рнайы желіге  хабарласып, кешке қарай әзер алып,  "Салық төленген. Сақтандыру бар. Емханадағылар базасын жаңартсын" деген жауап алдым. Одан демалыс күндеріне жалғасып кетті. Сонда жаны қысылып барған адам базадан өзін таба алмай, арам қатуы мүмкін екен ғой. Сонда негізгі құндылық ~ азаматтардың өмірі мен денсаулығы емес, есеп, белгі қою, келген адамға анализсіз-ақ дәрілер тізімін толтыру болып тұр...

 

... Осы жерде (желілерде) көп адам аз уақытта әлемдік тұлғаға айналып үлгерген Димаштың ұлтын талқылапты. "Димаш қазақ емес, қырғыз екен"дейді. Сөйтсе, бұл ~ кіші жүздің ішіндегі Қырғыз руы екен. Негізгі құндылықтың ~  музыка,  мәдениет, руханият яки қазақ өнерін әлемге танытқан талант емес, әншінің қай рудан шыққаны мен ата-бабасының кім болғанында.

 

... Сол емханада кезегімді күтіп отырдым. Бір кемпір дәлізді жаңғыртып телефонмен сөйлесіп жүр.  "Әй, құтты болсын! Естіп жатырмыз, Пәленше қашып кетіпті ғой, артынан кім қуып барды? Қай жақпен құда болып жатырсыңдар? Е, дұрыс, артынан қанша әкелді?" деді. Осыдан әрі тыңдағым келмеді. Өйткені ойға батып кетіппін. "Алып қашқан қыз өз еркімен барды ма? Шынымен де қалауы ма? Онымен бірге тұра ала ма" деген дүние мазаламайды көп адамды.

 

Құндылықтарын жоғалтқан мемлекет құлдырайды, қоғам мен сол қоғамды құрушы адамдар "рухани аштыққа" ұшырайды.

 

... Сіз үшін не құнды?

 

 

 

Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30