Күндіз Қазақстанда тамақтанып, түнде басқа елге ұлыған шенеуніктерді әшкерелеу керек.
Солтүстіктің шенеуніктері екі елдің азаматтығын иемденгенін естуші едім, ал қазақтың бесігіне айналған шырайлы Шымкенттегі шенеуніктің екі азаматтығы деген сұмдық екен. Бұл қазақтың мемлекеттілігін басынғандық.
Сол үшін де ескі модельдегі шенеуніктер спорт саласынан кету керек дегеніме қайта оралғым келіп отыр. Асхат Сейсембек бауырымыз басқарған спорт Фондында тазалық пен тәртіп болатынына кәміл сенемін. Асхат Рашидұлы спорт саласында осындай екіжүзді шенеуніктерді анықтап, құзырлы органдарға хабарлайды деген ойдамын.
Адамның екі анасы болмайтындай, екі Отан да болмайды. Күндіз Қазақстанда тамақтанып, түнде басқа елге ұлыған шенеуніктерді әшкерелеу керек.
Фейсбуктегі парақшасынан