Сен тұр - мен айтайын!

Құр діндарлық не керек, Ар мен білім болмаса!

  • Құр діндарлық не керек, Ар мен білім болмаса!

    Құр діндарлық не керек, Ар мен білім болмаса!

Артық айтсам, кешірерсіздер; осы желіде, дін десе желіге кететін мұсылман (бұ сөзді тырнақшаға алар-алмасымды білмей отырмын) бауырларымның дені - сауатсыз-ойсыз, елірме-ақымақ.
Неге дейсіздер ғой, соның бір мысалын айтайын.
Кеше, "А. Нұраддин "Құран ғашықтары" деген біреу "Колыныз бос болса бірлет Аллах деп жазыныз" түрінде пост жариялапты. Аса надан екендігі жазғанынан-ақ анық көрініп тұр.
Жә, бүгін сол сорлылықтың астына осындағы мұсылман бауырларым, жаппай ләппайласа, "Аллаһ" деп өкіртіп жазып жатыр, жазып жатыр толассыз! Тіпті, кейбіреулері "Машаллаһ!", "Иншаллаһ!", енді біреулері "Сұбһаналлаһ" деп те еліріп кеткен! Бәрі - қазақтар!
Құдай-ау, осы бауырларымда ес бар ма өзі?! Абай былай демеп пе еді: "АЛЛА" ДЕГЕН СӨЗ - ЖЕҢІЛ. АЛЛАҒА АУЫЗ ЖОЛ ЕМЕС!"
Ій-й, қайран, қаперсіз "мұсылман" бауырларым-ай!.. Құр діндарлық не керек, Ар мен білім болмаса!

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1289    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 11:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31