Сен тұр - мен айтайын!

Құр патриотизмге қарын тойдырып, бала-шаға баға алмайсың.

  • Құр патриотизмге қарын тойдырып, бала-шаға баға алмайсың.

    Құр патриотизмге қарын тойдырып, бала-шаға баға алмайсың.

АЙ, СҮКІ-АЙ!
Жаңа ғана банктерге барып келдім. Бірінші ЖССБ-ға барып, қандай бағдарламалар барын білдім. Банктегі халықтың жартысы мен сияқты кеңес алуға, ал жартысы есепшоттарынан салымдарының бір бөлігін шешіп алуға тұр екен. "Ее, елдің жағдайы нашарлап кетіпті" дедім ішімнен.
Артынша ЖССБ-ның тура жанында болған соң "Халық банкке" кіре салдым. "7-20-25" бағдарламасы жайлы егжей-тегжей есептеп беруін, талаптарын, тағы басқаны сұрадым. Қысқасы былай. Алматы қаласы бойынша ең үлкен сумма 25 млн теңге, соның 20% өзің құясың, яғни ол 5 млн болады. Сонда банк саған 20 млн береді. Егер сен сол 20 млнды 25 жыл төлесең, ай сайын 141356 теңге құясың. Былай қарасаң айтарлықтай көп емес. Сонда 25 жылда 20 млнды 42406800 теңге етіп қайтарасың. 42 МЛН КАРЛ! Демек үстіне 22,4 млн қосып бересің. Үстіне бір үй қосасың деген сөз ғой. П****Ц НАҚҰЙ!
Биік мінберде отырып, "ойбай біз мынандай бағдарлама жасадық", "ойбай жастарға бүйттік-сөйттік" деп сайрап отырады. Арасында "жастар неге кетіп жатыр" деп қоятындары да бар. Кетпегенде қайтеді, не үйі, не күйі болмаса. Әлеуметтік мәселелер шешілмесе, кетушілер саны арта береді. Және ол өте дұрыс. Құр патриотизмге қарын тойдырып, бала-шаға баға алмайсың.
ПыСы: Осыны оқып отырған депутаттар, атқамінерлер болса "неге сонша пайызы көп" деп сұрай салыңдаршы, қиын болмаса)
Менеджер берген парақшада "Тұтынушылық кредиті-әркімнің қолы жетеді" деген жазу бар. Лібә, жетуін жетеді, бірақ неге бір үйді екеу етіп қайтару керек. Жылдар бойғы инфляцияны, пайызды бәрін есепке алсақ та, мынау сұмдық қой. Бағдарламаны жасағандардың ұяты туа сала өліп қалған-ау. Халықты сүлікше сора беру керек қой шшс.




Көрілген: 936    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28