"Құр сөзбен қуырдақ қуыруға" келгенде алдыға жан салмайтын болып алдық

02 қараша 2018, 11:53

"Құр сөзбен қуырдақ қуыруға" келгенде алдыға жан салмайтын болып алдық. Қазір сол құр сөздің өзі төлемақылы болып кетті. Психология тақырыбы бойынша жазылған бірлі жарым кітап оқып алғандар өзгелерге бақытты болудың жолын нұсқайды. Миллиардерлердің жазған кітаптарының дүмбілез кем-кетік аудармасын оқығандар баюдың тәсілін үйретеді. Ғұламалардың ғахылиясын шала-шарпы жаттағандар ел алдына шығып, ұзын сонар сөз алып, жатып кеп көсемсиді. Бұлардың бәрі келсін-келмесін семинар-тренинг, мастер-класс өткізеді. Оның бәріне тыңдаушылар ақша төлеп қатысады. Солай сөйлеп, жылу жинау үшін даусың зор, бетің қалыңдау болса, жетіп жатыр. Сонда, мұндай төлемақылы бос сөзді тыңдау үшін ақша шығындағанша, жұрт солар айтып жүрген кітапты өздері неге тауып алып, үйінде отырып оқи салмайды екен? Қысқасы, сөз көп, іс жоқ.

Қуандық Шамахайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан